Ескерткішке министрдің рұқсаты қажет

363
Жолан батырдың ескерткіші

Ескерткішті ашу үшін тиісті министрліктің рұқсаты керек. Бүгін теріскей шағынауданында Төлеби бабаның кенже ұлы елші Жоланның ескерткішін тұрғызып жатқан мамандар осылай деді. Бірақ 10 метрлік биіктікте жасалып, бұрынғы Проектный көшесінің қилысына қойып үлгеріпті.

Жолан батырдың ескерткіші
Жолан батырдың ескерткіші

Елші Жоланның ескерткіші орнатылған көше де Жолан батыр көшесі деп өзгертілген.  Бұл өзгерісті 2010 жылы қалалық мәслихаттың депутатары бір ауыздан қолдаған, енді Мәдениет министірлігінің мақұлдауы алынса, ескерткіш салтанатты түрде ашылатын болады. Әзірге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Баһадүр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Бұл көшенің атын қоюда көп өарсылық туындаған жоқ. Себебі көшенің аты Проектный еді. Түк мазмұнсыз, мағынасыз болатын. Жолан батырдың атауын біз бірінші отырыста қайтарғанбыз, қосымша деректер керек деп. Сосын қосымша деректе академиктер мен тарих ғылымдарының пікірлер мен дәлелдері болғаннан кейін қайта қарап, қабылдадық».

суретші Қуаныш Маликов
суретші Қуаныш Маликов

Жолан бабаны тарих қойнауынан шығаруға Ерболат Төлепбаевтың Францияға сапары себеп болды деседі. ҚР еңбек сіңірген суретшісі Париждегі мұражайдан Жоланның Цин династиясына елшілікпен барып тұрған  бір сәтін көріп, оның көшірмесін алыпты. Ол Жолан ұрпақтарынан қолдау тапты дейді ескерткіштің авторы Қуаныш Маликов.

Бұл ескерткішті алдыменен Төлеби ауданындағы Жолан ауылына қою жоспары да болған. Бірақ Шымкент қалалық әкімдігі тарапынан жер мәселесі шешіліп, көше атауы да берілгеннен кейін, облыс орталығынан өз үйлесімін тапқалы тұр .

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8loXebxo7Xg[/youtube]