Жұмыс берушінің жауапсыздығы еңбек дауларының туындауына басты себеп. Кәсіподақтар кеңесінің жиынына келген қоғамдық ұйым мүшелері бүгін осындай қорытынды жасады.
Олар дау-дамайдың келесі себебін жұмысшының өз құқын білмейтіндігінен де көрді. Облыс бойынша еңбек дауларын сөз еткен қайраткерлер мәселеге өздігінше араласқысы келеді.
Жиында қоғамдық ұйымдар мен облыстық прокуратура өкілдері арнайы бірлескен 3 жылдық меморандумға қол қойысты.
1- шілдеден бастап күшіне енетін құжат қоғамдық бақылау ұйымдастырып, ұжымдық шарттарды қадағалау бойынша іске асырылмақ.