15-сәуірден бастап балық аулауға болмайды
15-сәуірден бастап балық аулауға болмайды
15-сәуірден бастап балық аулауға болмайды

Балық жеймін деп, қалтаңыздан қағылмаңыз. Оңтүстіктің су қоймалары мен өзен-көлдерде балық аулуға тыйым салынды. Балықтардың уылдырық шашар уақытында мемлекет тарапынан осындай шара қолға алынып отыр. Балық аулауды жаны сүйетіндер енді маусым айына дейін сүйікті ісінен бас тарта тұруы керек!

Геннадий Диордица тәжірбиелі балықшы. Өзен жағасында қармағын тастап, жайланып отыру күні бойғы күйбең тірліктің шаршауын басады. Бірақ «Қошқар ата» өзенінен балық табу оңай емес.

Геннадий Диордица: «Бұрын «Қошқар атаның» балығында есеп жоқ еді. Сазанға дайін су сұлуларын таба алатын едік. Қазір түк те қалған жоқ. Бар балықты жойып біттік».

Балықшылар үшін бұл сәуірдегі соңғы ау салу. 10-шы сәуірден бастап Шардара су қоймасында балық аулауға тыйым салынды. 15-ші сәуірден 31 мамырға дейін облыстың басқа да су көздерінде балық аулуға тыйым қойылмақ. Әйтпегенде ақшалай айыппұл салынады.

Нағыз балықшылар бұл уақытта қармақ қолдануға тыйым салынуына қарсы емес. Өйткені, судағы табиғат сыйын бағалауды қолдайды. Оларды басқа жәйттер алаңдатады.

Геннадий Диордица: «Неге базарлар дәл осы уақытта балыққа толы. Жаңа ауланған балықты Шымкент базарларынан таппайсыз деп айта алмайсыз! Егер балықтар уылдырық шашар уақытта шынында да тыйым салынып, ол қатаң қадағаланатын болса, базарларға балық қайдан әкелініп жатыр?»