Оқу орны көпқабатты үйді ауласыз қалдырды

Былтыр аулаларды көріктендіру кезінде мына әткеншек қойылған екен. Алайда, оқу орнының басшылығы ғимаратқа кіре алмай қалдық деп сындырып, далаға тастаған.
Былтыр аулаларды көріктендіру кезінде мына әткеншек қойылған екен. Алайда, оқу орнының басшылығы ғимаратқа кіре алмай қалдық деп сындырып, далаға тастаған.
Былтыр аулаларды көріктендіру кезінде мына әткеншек қойылған екен. Алайда, оқу орнының басшылығы ғимаратқа кіре алмай қалдық деп сындырып, далаға тастаған.

«Ауламызды тартып алды». С.Жандосов көшесіне қарасты 6-А-үйдің тұрғындары жекеменшік кәсіпкерге өкпелі. Өйткені, жоғарғы оқу орнын салған азамат аталған үйге қарасты 3 метр аймақты өз иелігіне қосып алған. Есесіне, балалар алаңшасын өзім салып берем деп уәде етіпті. Содан бері талай жыл өтті. Балалар алаңшасы да, басқа да жоқ. Енді биыл осы ауладан өрт көлігі кіретін қақпа салмақ. Зығырданы қайнаған Әл-Фараби ауданына қарасты көпқабатты үйдің тұрғындары осылай 10 жылдан бері жетімнің күйін кешіп отырмыз наразылыққа шықты.

Даудың басы оқу ғимаратының іргетасы салына бастағанда шыққан. Сол уақытта университет ректоры жергілікті тұрғындарға балалар алаңшасын салып беремін деп уәде етіп, оқу орнының шекарасын 3 метрге кеңейтіп алыпты. Ал балалар ойнайтын жер таппай әлі жүр.

Ғимаратқа кіретін тағы бір қақпа осы арадан салынады деген хабар тұрғындардың қанын одан әрі қарайтты. Ауламыздың жоқтығының кесірінен былтыр бір баланы көлік те қағып кеткен ойнап жүрген жерінен дейді ашуға булығып.

Бұл жолы да алаңшасыз үйдің тұрғындары оқу орнына басып кіруге мәжбүр болды. Бірақ түсіру тобын ондағылар күтпесе керек, жөнін айтқысы келген жоқ. Ұққанымыз, оқу орнының бұл жұмысы заңды.

Десекте қалалық сәулет бөлімі бұл жәйттен хабарсыз болып шықты. Және қарашадан да қорландық деген тілдей арыз түспепті. Сондықтан енді тексеруге уәде етті.

«Балалар алаңшасын ешбір құзырлы орын жекенің қолданысына бере алмайды». С.Жандосов көшесі бойындағы 6 «А»-үйдің ауласындағы құрылысқа байланысты сәулетшілер тұрғындармен қайта кездесуден соң осылай деді. Сөздерінше, құрылысты салуға, жерді беруге қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің ешқандай құзіреті жүрмейді. Сондықтан бұл мәселеге тиісті орындарға хатпен шығу арқылы ғана ықпал ете аламыз дейді.

Құрманбай ЖҮЛЕКБАЕВ, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы: «Балалардың ойнайтын алаңшасына бөгде бір құрылыс нысанының салынуы мүмкін емес. Қала әкімдігі, сәулет бөлімі, жер қатынастары бөлімдері мұндай жерді бермейді ешқашан да. Бұл заңға қайшы келеді. Нүктені енді аумақтық жер инспекциясы қояды. Өйткені, бұл солардың құзырындағы жер. Құрылыстың заңды, заңды емесін сондағылар айтады».

Ал облыстық жер инспекциясы бұл мәселеге біздің қатысымыз жоқ деп отыр. Сәулетке қатысты жәйттердің бәріне қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі жауап беретінін айтады. Сәулетшілер жауапкершіліктен қашып отыр дегенді де айтқан жер инспекциясындағылар. Соңғы жылдары ауласыз күн кешіп келе жатқан тұрғындар сәулет бөлімі бастығының атына жалпы заңдылықты тексеріп беру үшін арызданды. Мамандар нақты жауапты 10 күн ішінде береміз деп сендірді.

6 «А» үйдегі тұрғындар бүлдіршінін қазір далаға бір өзін жібермейтін болған. Өйткені, үйдің алды аула емес, қазір көшеге айналып бітті дейді. Ал көпқабатты үйде бұл күндері ересектерден бөлек, 100-ден аса балақай бар.