Оңтүстікке ауылшаруашылығы министрі келді

433

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков іс сапармен Оңтүстік Қазақстан облысында. Министр Ордабасы ауданындағы бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, сала мамандарымен республикада агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес» бағдарламасын талқылады.

Министр жұмыс сапарын Ордабасы ауданындағы егістіктің басынан бастады. Бұл жер алқабы Мақта компания ЖШС-не тиесілі.Осылан 8 жыл бұрын құрылған шаруашылық былтыр 460 гектарға күздік бидай, биыл 260 гектарға жаңа жоңышқа егіпті.

Шаруалар көктемгі дала жұмыстарын аяқтауға жақын, ылғалды сақтау мақсатында техника егістік жерге тарма салуда. Егінді мерзімінде егу қаржыға да байланысты екенін бас аграрий жақсы біледі.Сондықтан да «Агробизнес-2020» бағдарламасындағы қаржылық сауықтырумен диқандарды таныстыруға Оңтүстік өңіріне арнайы келіпті.

Ынтымақ өндірістік кооперативі жаздық бидайды егіп те үлгеріпті.Оның тез жетілуіне қазіргі таңда тыңайтқыштар себілуде. Ауданда дәнді дақылдардан бөлек көкөніс те егіледі. Озық технологияларды пайдалану мақсатында мұнда француздармен бірге инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ордабасы ауданында салынатын жылыжай қазақстандағы ең ірі жылы жай кешені болмақ.

Жылыжай өсіруде әлемдегі тәжрибиелерді пайдалану заман талабы екенін министр атап өтті. Жергілікті кәсіпкерлер де қалыспай осы салаға өз үлестерін қосуда. Полат шаруа қожалығы бүгінде 1 гектардағы жылы жайда қияр отырығыз , жақсы өнім алуда. «Агробизнес -2020» бағдарламасының да мақсаты АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту, қаржылық сауықтыру және шаруашылықтар үшін тауарлардың, қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=o1naoCgp_Vc[/youtube]