Әркім таңдау жасауға құқылы. Бірақ дін мәселесінде абай болған жөн. Бүгін білім саласының мамандары мен дін өкілдері облыстың 15 аудан-қалалардан жиналған жастарға діндегі күрделі тұстар туралы кеңінен түсіндірді. «Дін бостандығы немесе туындайтын қарама-қайшылықтар» тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп, діни сауатын ашты.
Облыстың түрлі аудандарынан жиылған оқушыларды әсіресе, исламдағы 4 мәзхабтың ерекшелігі қызықтырды. Жоғары сыныптардың 300-дей оқушыларының сауалдарына имам-молдалар жауап берді.
Діни форумда оқушыларға кері ағымдар жайлы да кеңінен мағлұмат берілді. Өйткені, қоғамды қаптап бара жатқан кері жайт оқушыларды да айналдырмаса екен дейді. Ал бұл мәселені шешуде ұстаздардың өз ұсынысы бар.
Дәстүрлі форум бірінші рет өтіп жатқан жоқ. Дін туралы дұрыс пікір қалыптастырған оқушылар енді өз аудандарындағы сыныптас, достарына түсіндіретін болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9AKcV00DKvY[/youtube]