Шенеунік пара алды. Бұл жолы Шымкент қалалық әкімшілігінің кадр қызметінің бас маманы 50 мың доллар ақша алған. Бұл туралы қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.
Келтірілген мәліметке сәйкес, бас маман қызмет бабын пайдаланып, 2013 жылдың 9 сәуірінде И деген азаматты ОҚО кәсіпкерлік басқармасы бастығының орынбасары лауазымына орналастырып беремін деп ақшасын алдап алады.
Алаяқтық әрекетін 2013 жылдың 9 сәуірінде жасаған Р.Ж.Сердалиеваға алаяқтық жасауға оқталу дерегі бойынша ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде. Басқа мәліметтер тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты жарияланбайды дейді облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы Әнел Матиева.