Денсаулық саласында жемқорлық фактілері тіркелмеген

0

«AMANAT» партиясының кезекті отырысында денсаулық саласының мәселесі көтерілді. Есептік кезеңде бұл салада жемқорлық фактілері анықталмаған. Алайда кемшіліктер де жоқ емес.

«AMANAT» партиясының кезекті отырысында денсаулық саласының мәселесі көтерілді. Мамандар соңғы уақытта аталған салада басшылардың пара алу дерегі тіркелмегенін айтады. Алайда кемшіліктер жоқ емес. Оны партия мүшелері жүргізген мониторинг кезінде анықтапты.

«2 аурухана басшысы есептік кезеңде жұмыстан кеткен. Олар жемқорлық бойынша емес. Өз жұмысын атқара алмаған соң шыққан. Ал цифрландыру жүйесі бойынша жұмысқа қабылдау әлі қолға алынбай отыр. Осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған жоба қазір тоқтап тұр», – дейді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы СЖҚІҚ жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Салынхан Полатов.

Қазір медицина салатында жемқорлықты болдырмау үшін тәуекел картасы жасақталған. Сонымен қатар әр емханада арыз-шағым қабылдайтын кабинеттер қарастырылыпты. Ол үшін 28 комплаенс офицерлері тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Заңсыздықтарды жою бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін арнайы жұмыс тобы да құрылған.

«Емханаларда диспансерлік есепте тұрған азаматтарға дәрі береді. Біздің талабымыз солардың бәрі ашық түрде берілеуі. Яғни цифрлы түрде жүзеге асуы керек. Қазір сол бойынша ұсыныстар айтып жатырмыз. Ауруханалардағы ашықтықты қамтамасыз етуді қарастырудамыз», – дейді «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева.

Айта кетейік, «Е-otinish» бойынша қалалық денсаулық сақтау басқармасына 2023 жылы 1727 азамат арыз-шағымын жеткізсе, ал жыл басынан бері 541 өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі мүгедектік тобын анықтау, жекеменшік медициналық ұйымдардың этика, мораль және адамгершілік мәселелерінің сақтамауына қатысты болып отыр.