Шымкенттік энергетиктердің айтуынша, жарты ғасырға жуық қызмет еткен инженерлік желілерді ауыстырудың уақыты келген. Күннің жылынуын күткен мамандар әрі жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырып, әрі тұтынушылар үшін тиімді жұмысты бастап кетті.
«Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС-нің жұмысшылары Ә.Жангелдин көшесі бойымен жоғары кернеулі кабельді аралық төсемге дайындауда. Шағын аудан көпхалықты болғандықтан қозғалыста қызу. Сондықтан энергетиктер жұмысты тоқтатпай жалғастыруда. Бұл ауданда жүзеге асып жатқан істің басымы жарық жүйелерін жаңарту бағдарламасы аясында қолға алынған. Тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз әрі сапалы қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік жарық Транзит» ЖШС-і трансформаторлармен электр жабдықтарын ауыстыруда.
Талғат Тәшімов, «Оңтүстік Жарық Транизит» ЖШС-нің жетекші инженері: «Біріншіден желілердің тым тереңдікте орналасқандығы мен тозғаны қиындық туғызды. Кабельдер аудан бой көтере бастаған 70 жылдары орналастырылған. Бәрін ауыстырмаса болмайды».
Бiрнеше метр тереңдіктегі тозған кабельдерді қазып алу тиімді емес. Сондықтан үзілген желілер қалдырылып, жаңасы жайғастырылуда. Ұзындығы үш метрлік, 6 Квт жоғарғы кернеулі кабель желiсi ауыстырылмақ. Оның бір бөлігі өзен суының үстiнен жүргізілетін болады.
Талғат Тәшімов, «Оңтүстік Жарық Транизит» ЖШС-нің жетекші инженері: «Өзен арқылы жүйе жүргізу жобада көрсетілген. Құрыштан жасалған құбырлар пайдаланылмақ. Тағы бір күрделілік көпқабатты үйлерге жеткізілген желілердің үстіне тұрғын-жайлар, сауда нысандары салынған. Сондықтан құрылыстарды айналып өтуге тура келеді».
Электр жабдықтары мықты орнығуы үшін тереңге жайғастырылып, құммен көмкеріледі. Содан соң кірпішпен жабылады. Осындай әдістің нәтижесінде ғана жарық тарату сапалы әрі желілер ұзақ жылдарға шыдайды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Awa-ZUlcQmg[/youtube]