«ОЖТ» ЖШС-і: Инвестициялық бағдарлама аясында 7 млрд. теңге толық игерілді

70

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түркістан облысы мен Шымкент қаласы халқын сапалы электр энергиясымен қамту бағытында жұмыс атқарып келеді. Былтыр 2022 жылы инвестициялық бағдарлама аясында 671 шақырым электр желілерінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, кернеуі 35/110 киловольттық 18 қосалқы станция жаңартылды. Бұл игі істермен қоғам ұйымдарының белсенділері, БАҚ өкілдері компания басшылығы ұйымдастырған баспасөз туры барысында танысты.

ОЖТ компаниясы инвестициялық бағдарлама бойынша 2022 жылы Шымкент іргесінде орналасқан «Забадамская» қосалқы станциясында қуаттылығы 16000 кВА /киловольт Ампер/ 2 дана трансформатор орнатты. Тозығы жеткен ажыратқыштар заманауи элегазды ажыратқыштарға ауыстырылып, автоматика мен релелік қорғаныс құрылғылары қоса жаңартылды. 1984 жылы пайдалануға берілген нысаннан Жалын, Сәуле, Жаңаталап, Қазығұрт, Ақтас, Ақжар, Жұлдыз, Қарабастау, Забадам елді мекендері электр қуатын тұтынатын.

Қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері танысқан келесі нысан «Шұбар су» қосалқы станциясы. Инвестициялық бағдарлама аясында мұнда 35/10 киловольттық қуаттылығы 6300 кВА жаңа қосалқы станциясы іске қосылған.

Самидин Монтаев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің өндірістік-техникалық қызметі басшысы: «Шұбарсу елдімекенінде халықтың санының өсуіне байланысты, бұрынғы 35/10 киловолттық «Шұбар Су» қосалқы станциясының жүктемесі шамадан тыс арта бастағандықтан, халыққа беретін электр энергиясының сапасы төмендегендіктен осы подстанцияны салуға шешім қабылданды. Бүгінгі таңда ескі қосалқы станциясынан электр жарығын алып жатқан 6 мың абоненттің 2-мыңы осы жаңа станцияға қосылды».

Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабындағы тұрғындар санының артуына байланысты жаңа құрылыс қолға алынып, ұзындығы 1,779 шақырым 10 кВ /киловольт/ әуе желісі, ұзындығы 21 шақырымнан асатын 0,4 кВ әуе желісі, қуаттылығы 250 кВА төрт дана 10/0,4 кВ трансформатор және қуаттылығы 400 кВА 3 дана трансформатор пайдалануға берілді.

Самидин Монтаев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің өндірістік-техникалық қызметі басшысы: «Инвестициялық бағдарламамен 2022 жылы 671 километр электр желілерінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 18 кернеуі 35/110 киловольттық қосалқы станциялары жаңартылды. 140/110/ 0,4 қосалқы станциялары қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Халықтың өсуіне байланысты жаңадан бой көтерген мөлтекаудандарда жалпы 66,6 км электр желілерінің жаңадан құрылысы жүргізілді. Ол жерлерге 23 қосалқы станциялары орнатылды»

Инвестициялық бағдарлама аясында құрылыс жұмыстары Төлеби, Сарыағаш аудандарында да қарқынды жүргізілді. Сонымен қатар, Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы орталығын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында «Шорнақ» қосалқы станциясына, Түркістан қаласында жаңадан 24 шақырым 35 киловольттық электр желісінің құрылысы жүргізіліп, іске қосылды.

Самидин Монтаев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің өндірістік-техникалық қызметі басшысы: «Резервная линия» бір ғана желі болған. Қазір екі желіменен Шорнақ елді мекеніндегі қосалқы станция электр энегргиясымен қамтылып отыр. Жалпы 2022 жылы электр желілерін жаңартуға 7 млрд теңге жұмсалды».

Баспасөз туры барысында қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы мамандарынан инвестициялық бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар және игерілген қаражат бойынша толыққанды мәлімет алды.