«Оңтүстік Жарық Транзит» инвестбағдарламадағы жоспарларын орындауда

0
фото Отырар.кз

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламалар бойынша міндеттерін кезеңімен мерзімінде орындауда. Түркістан қаласы және төңірегіндегі елді мекендерді сапалы электр энергиясымен қамтамассыз ету мақсатында ескірген ағаш бағаналары алмастырылып, қосалқы станциясында қуаттылығы төмен трансформаторлар қуаттылығы жоғарысына жаңалануда.

«Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі 2024 жылға бекітілген инвестбағдарламаға енгізілген іс шараларды ойдағыдай жүзеге асыруда. Құжатқа сәйкес, Түркістан қаласында 600 ден астам тозығы жеткен ағаш бағаналары заман талабына сай темірбетон бағаналарына алмастырылуда. Сонымен қатар облыс орталығында жалпы ұзындысы 10 шақарымды құрайтын төменгі кернеулі 0,4 киловольттық және жоғары кернеулі әуе желісі жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, трансформаторлар да алмастырылуда.

Ғани Қойшиев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Түркістан аудандық электр желісінің бас инженері: «Жақаев көшесінде 105 диспетчерлік трансформатор тозығы жеткен бұрынғы 250 киловольтамперлік қуаты 400-дікке ауыстырылды. Инвест бағдарламаны осы сентябрьде бітіреміз деп жоспарлаудамыз».

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы Түркістан қаласы және оның іргесіндегі елдімекендерде тұратын халықты сапалы электр энергиясымен үздіксіз қамту бағытында жұмыстарды қарқынды жүргізуде.

Дархан Сейітбек, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС -нің Түркістан учаскесі бойынша мастері: «Түркістан» қосалқы станциясы 110/35 киловольтке істейді. Бұл жерде жақында инвестбағдарлама бойынша КРУН-10 киловольт ауыстырылды. Оның тиімділігі қауіпсіздігі, қолданылуы оңай автоматты түрде оған қоса басқаруы, қауіпсіздігі бар, барлығы автоматты түрде жасалады. 3 күштік трансформатор бар 15 мегаватт, 16 мегаватт және 25 мегаваттық. Олардың әрқайсысы  35-тік Түркістан қаласы төңірегіндегі елдімекендерді электр энергиясымен қамтыса, 110- Түркістан қаласы халқының 80 пайызын электр қуатымен қамтуда».

Қондырғылары жаңаланған автоматтандырылған қосалқы станцияда жұмыс істеу жеңілдеді. Бұрын басым бөлігі қолдың күшімен болса, қазір жаңа технологиялар енгізіліп , замануи құрылғылармен қызмет етудеміз. Тиімділігі , қорғанысы артты,- дейді салада 25 жыл еңбек еткен Жақсыбек Жұмабеков.

Жақсыбек Жұмабеков, «Түркістан» қосалқы станциясының кезекшісі:«Қосалқы станция толығымен  жаңа үлгіге  ауыстырылды. Май айында. Алдындағы Кеңес кезіндегі құрылғы бар еді. Ол қолдануға қиын еді. Кіргізіп, шығару. Енді ешқандай күрделілік жоқ. Қауіпсіздігі мықты өте керемет, жақсы, бәрі автоматты түрде. Өте ыңғайлы».

Қосалқы станциядағы замануи қондырғыларда білікті мамандар жұмыс істейді. Жүйеде ақаулар орын алса, КРУН-ды ауыстыру қажет болса, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып электр энергиясын өшірмей-ақ трансформаторларды қайта қосу арқылы жұмысты жүргіземіз дейді энергетиктер

QAINAR KÓZ«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС