Су шаруашылығы нысандары құжаттандырылуда

492
Мұхит Отаршиев
Мұхит Отаршиев
Мұхит Отаршиев

Аудан, қала аумағындағы су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру жұмыстарының орындалуы және қарастырылған қаржыны жұмсау облыс әкімдігіндегі мәжілісте талқыланды. Өңірдегі 41 су қоймасының 20-ы республикалық меншікте, 13-і облыстық коммуналдық меншікте, 7-уі жеке меншікте, бір су қоймасы аудандық коммуналдық меншікте. 2 мыңнан астам каналдардың мыңға жуығы коммуналдық меншікте. Оларды реттеуге қаржы да қарастырылған. Алайда жергілікті әкімдіктер құжаттандыру жұмыстарын аяқтауға асығар емес деген сын айтылды жиында.

Мұхит Отаршиев, ОҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы: «Қашыртқылар бойынша облыс көлемінде 785 қашыртқының 555 коммуналдық меншікте, оның 55 пайызы 2011 жылы құжаттандырылса, қазіргі таңда  бұл жұмыстар 89 пайызға орындалған. Бұл нысанджар бойынша  Қазығұрт, Ордабасы аудандары мүлдем жұмыс  жүргізбесе, Шардара ауданы 7 пайыз,Отырар, Түркістан 85 облыстық көрсеткіш 89 пайыздан төмен».

Су нысандарын құжаттандыу пайызы ең төмен аудандар Қазығұрт ауданы, Төлеби, Бәйдібек және Түлкібас ауданы. қазғұрт ауданында 109 шақырымдық 26 каналға әр шақырымына 74 мың теңге жұмсалса, Ордабасы ауданында 333 жарым шақырымдық 39 каналдың әр шақырымына 40 мың теңгеден бөлінген. Жауапты мамандардың жайбасарлығы маңызды шараның орындалуына кедергі екендігі мәжілісте ашық айтылды.

Әли Бектаев, облыс әкімінің орынбасары: «Каналдар, қашыртқылар мен ұңғымаларды түгендеп, құжаттандыру жұмыстарын тездету қажет. Қаржы бөлінуде. Неліктен осы мүмкіндікті пайдаланбайсыздар? Аудан әкімдігіндегі жауапты  мамандар өз міндеттерін орындауы тиіс. Мемлекеттегі қызметте  жұмыс істеп жатқандарыңызды ұмытпаңыздар. Барлығы халық үшін емес пе? » Тез қимылдап, қажетті құжаттарды 4 ай мерзім береміз дұрыстаңыздар. Хаттамаға осылай  жазылады».

Облыс бойынша коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын толығымен құжаттандыруға , оның ішінде 2480 шақырымдық 249 каналға 115 млн. 865 мың теңге, 1865 шақырымдық 71 қашыртқыға 84 млн және 207 ұңғымаға 12 млн барлығы 212 млн 210 мың теңге қаржы қажеттілігі анықталды. Түгендеу жұмыстары ойдағыдай өтсе Темірлан, Сарығаштағы төтенше жағдайлар қайталанбасы анық. Тек салғырттыққа жол бермеу керек деп қорытындылады жиынды төраға.