Алдағы екі жылда 9 су қоймасы пайдалануға беріледі

16
фото bugin.kz

Алдағы екі жылда  9 су қоймасы  пайдалануға беріледі. Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдесі бойынша, қазіргі кезде апаттық жағдайдағы 16 су қоймасы күрделі жөндеуден өткен.

Енді 15 су қоймасында жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Нәтижесінде, 800 миллион текше метр суды қосымша жинау мүмкіндігі  болады. Одан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 20 су қоймасын салу жоспарлануда.

Сейілбек Нұрымбетов, Су ресурстары және ирригация министрлігі комитеті төрағасының орынбасары: «Жыл сайын Қазақстан экономикасының барлық саласынан алатын судың көлемі 25 кубокилометр. Оның сол 65-66 пайызы негізінен ауыл шаруашылығына пайдаланылады. 30 пайыздай өндіріске болса, қалғаны ауыз су, басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Су шаруашылығын үнемдеуде тариф саясатын қайта енгізу бойынша олардың негізгі басым бағыттары қазіргі уақытта жасалып жатқан жаңа «Су кодексінде» ескерілетін болды. Ол заңда суды бассейндік принципте басқару, оны үнемдеу алғышарттары жасалатын болады».