Ақбастау мектебін 29 оқушы бітірсе, соның 4-уі ғана ҰБТ-ға баратын көрінеді.
Ақбастау мектебін 29 оқушы бітірсе, соның 4-уі ғана ҰБТ-ға баратын көрінеді.

Төлеби ауданында мектеп оқушыларының ата-аналары наразылыққа шықты. Олар Ақбастау ауылындағы орта мектеп дириекторының әрекетіне ызалы. Айтуларынша директор оқушыларды ҰБТ-ға қатыспайсыңдар деп қысып жатса керек. Тіпті тесттен бас турту туралы арыз жазуды айтқан. Әйтпесе, аттестаттарың екілікке толады деп қорқытқан дейді ата-аналар.

Сыныптас құрбылас Дана, Аңсар, Сұлудың бірі дәрігер, бірі әскери қызметкер боламын деген асыл армандары бұл күндері тек бос қиял. ҰБТ-ға бармайсыңдар деген ұстаздарының сөзінен соң, түлектердің де сабаққа деген ынтасы қалмаған. Әйтпесе, олар да биыл мектеп бітіріп, студент атанып, ата-анасының көз қуанышы болмаққа асығып еді.

«Ауылдағы бір бала әкесіне айтыпты. Әке ҰБТ-ға бармасам, өлемін депті. Біздің мектеп басшылығына сол керек пе сонда?! Баламнан айрылығаннан соң мен сендерге тыныштық бермеймін дейді жаңағы көршім» – дейді ашуға булыққан ата-ананың бірі Нұрлан Мәуленов.

Олардың бас қайғысы осы. «Қатарынан қалғасын ұл-қызым өзіне қол жұмсап қоя ма» деп алаңдайды. Айтуларынша, мектеп директоры олардың бұл сөзімен санасып жатқан жоқ. Тек, мектеп бітіруші 29 оқушының ішінен үлгілі деген 4 түлек қана тестілеуге барады екен. Өзгелері қатысса мектептің көрсеткішін түсіріп жібереді дейтін көрінеді. Осы қысымның кесірінен мектептегі ұстаз-ата-ананың 9-ы да арыз жазыпты амалсыз. Жұмыссыз қалмауы үшін.

Ақ-қараны айыру үшін мектеп директорына жолығуды жөн көрдік. Жұмыс орнынан табылмаған басшының телефонына да шықтық. Айтуынша ата-аналардікі құр сандырақ.

Төлеби ауданы бойынша 1200 оқушы мектеп бітірсе, соның 900-ден астамы тестілеуге қатысады екен. Түлектерді мәжбүрлі түрде тесттен бас тартқызу дерегі мұндағыларды да таң қалдырды.

Мамандар, ата-ана ұл-қызымның тағдырына мектеп директоры балта шапты деген ойын өзгертсін дейді. Қысыммен жазған арызды кері қайтарып, баласын ҰБТ-ға жіберуге толық құқы бар. Өйткені, тестілеуге қатысу-қатыспау арызын сәуірдің 20-на дейін жазуға болады екен. Ал тестке қатыспайсыңдар дегенді естіген түлектер дайындық курстарына да бармай қалған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=UqB7G0KcOzY[/youtube]