Оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек

161
Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық біріңғай тестілеу 2015 жылға қарай алынып тасталады» дегелі жұрттың пікірі екіге бөлінді
Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін 2023-2024 оқу жылына ҰБТ-ның шекті балдары бекітілді. Шекті балл туралы ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығы  жариялады.
Кейбір бағыттар бойынша оқуға түсу үшін 100 және одан көп балл жинау қажет.

«Стоматология» бағыты бойынша кемінде 130 балл жинау керек;

«Фармация» – 120 баллдан кем емес;

басқа медициналық бағыттар бойынша – кем дегенде 100 балл;

«Құқық» және «Педагогика ғылымдары» бағыттары бойынша – кем дегенде 75 балл;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кем дегенде 70 балл;

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кем дегенде 60 балл;

ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кем дегенде 65 балл;

басқа жоғары оқу орындарына – кем дегенде 50 балл.

Жоғары оқу орындары оқуға түсу үшін бұдан да жоғары шекті балл белгілей алады.