таза суға зар болып отырған ауылдар көп
құбыр ауыстыру жұмысы
құбыр ауыстыру жұмысы

Оңтүстік Қазақстанда таза сумен қамтуға бөлінген бюджет қаржысы талан таражға түскен. Бұл туралы облыстық прокуратура мамандары мәлімдеді. Прокурорлық тексерудің нәтижесінде бір емес, бірнеше былықтардың беті ашылған. Мәселен, Ордабасы ауданында құбыр тартуға 185 млн. теңге қаржы бөлінген екен. Аықталғанындаймұнда 68 млн. теңгенің жұмысы мүлде атқарылмай қалған. Бұл дегені сонша ақша қалтаға кеткен болуы мүмкін. Ал әкімдіктің тиісті мамандары құрылыс бітті деп құжаттарды қабылдап жіберген.

Қуаныш Ешанқұлов, ОҚО прокуратура басқармасының прокуроры: «Осындай оқиға басқа бір мердігер компанияның қатсуымен де болған. Сумен қамту үшін 94 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бірақ ол жерде 25 млн. теңге құмға сіңгенсудай  жоқ болған. Яғни жұмысы атқарылмай қалған. Осы деректер бойынша әкімдіктің лауазымды қызметкерлері және мердігер компания өкілдері үстінен қылмыстық іс қозғалды».

таза суға зар болып отырған ауылдар көп
таза суға зар болып отырған ауылдар көп

Мемлекеттік бағдарламаны май шелпекке айналдыру оқиғасы Сарыағаш ауданында да тіркеліп отыр. Мұнда таза суға бөлінген 564 млн. теңге ауаға кеткен. 7 нысан санитарлық талаптарға мүлде сәйкес болмай шыққан. Мұны біле тұра тиісті мамандар қабылдап алған. Қазір бюджет қаржысын жонып жемек болған шенеуніктердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ақшаны жеп қойғаны анықталса 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.