Шымкент: «Арғымақ» шағынауданында су қосу жұмыстары басталды

76

Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты «Арғымақ» шағынауданында ауыз сумен қамту үшін «Реголит» ЖШС тарапынан құрылыс жүргізілді.

Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су қосу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, шағынаудан халқын 2022 жылдың соңына дейін табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.

Жалпы, елді мекенде 6 көше асфальтталған, ал 2-і топырақ жол. Сала жауаптыларының айтуынша бүгінде шағал тас төсеу жұмыстарына қаржы қаралған. Айта кетейік, «Арғымақ» шағынауданында 200-ден астам халық қоныстанған.

Мөлдір Ибадуллаева