Тоқтан тіл тартпай кетті

Ведомстваның ақпараты бойынша, қайғылы жағдай 14 сәуірде орын алған. Қаза болған азамат 1964 жылы туылған
Ведомстваның ақпараты бойынша, қайғылы жағдай 14 сәуірде орын алған. Қаза болған азамат 1964 жылы туылған
Ведомстваның ақпараты бойынша, қайғылы жағдай 14 сәуірде орын алған. Қаза болған азамат 1964 жылы туылған

Ажалы тоқтан екен. Шымкенттегі автобекеттердің бірінде электр есептегішін ауыстыру барысында жұмысшыны тоқ ұрып, ол оқиға болған жерде қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомстваның ақпараты бойынша, қайғылы жағдай 14 сәуірде орын алған. Қаза болған азамат 1964 жылы туылған.

 

Соңғы кезде елімізде мекемелер мен кәсіпорындарда тоқпен жұмыс істейтін жұмысшылардың қауіпсіздігі сақталмауы салдарынан, маманның біліксіздігінен қайғылы жағдай жиі орын алатын болды. Қайсыбір мекеме тіпті, персоналдың еңбек қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым ережелерін ескермей жататыны жасырын емес. Ал негізінен, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесінде кәсіпорындар мен қызметтік мекемелердегі қауіпсіздік шараларына ерекше мән берілген. Ендеше төмендегі қағидаларды оқып, кәдеге асырыңыз.

Персоналдың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары төмен-дегідей:

1. Жұмысты электр қондырғыларында орындайтын жұмыскерлерде жұмыс сипатына сәйкес келетін кәсіптік даярлығының болуы талап етіледі.

2. Персоналдың дайындығы мен білімін бақылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар мен мамандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде денсаулық жағдайын міндетті тексеруден өтеді. Жұмыскердің біліктілік куәлігінде медициналық комиссияның оң қорытындысы болмаған жағдайда оны аталған жұмысқа жіберуге тыйым салынады.

4. Өндірістік қызметі электр қондырғыларымен байланысты жұмыскер өз қызметін электр қауіпсіздігі бойынша топқа сәйкес жүзеге асырады.

5. Арнайы жұмыстарды орындауға жіберілген тұлғалардың біліктілік куәлігінде ол туралы жазба болады.

6. Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарға 18 жасқа толмаған адамдарды тартуға рұқсат берілмейді. Бұл жұмыстардың тізбесі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасында белгіленген.

7. Жазатайым оқиға туындау қаупі пайда болған кезде, жақын жердегі жұмыскер қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, оның алдын алу жөніндегі шараларды (механизмді тоқтатады, кернеуді алады) қолданады, ал жазатайым оқиға болған жағдайда, оқиға орнында мүмкіндікке қарай жағдайды сақтап, зардап шеккенге дәрігердің көмегіне дейінгі алғашқы жәрдем көрсетеді. Болған жағдай туралы жұмыскер басшысына (жүргізушіге), жедел персоналға хабарлайды.

8. Жұмыскерлер қолданыстағы норма бойынша жұмыстардың сипатына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі және оларды жұмыс уақытында пайдалануға міндетті.

9. Жұмыс істеп тұрған электр жабдығы (басқару қалқандарын, реле және сол сияқтыларды қоспағанда) бар үй-жайларда, ЖТҚ және АТҚ, құдықтарда, үңгір жолдарда (туннель) және орларда, сондай-ақ, ӘЖ қызмет көрсету мен күрделі жөндеу жұмыстарына қатысушы жұмыскерлер қорғаныш дулыға қолданады.