Жас суретшілер жырды суретіне арқау етті

Сайысқа қатысушылар көптің көізінше сурет салуда
Сайысқа қатысушылар көптің көізінше сурет салуда
Сайысқа қатысушылар көптің көізінше сурет салуда

Өлең жырларын қағаз бетінде суретпен өрнектеу. Шымкентте алғаш рет жас суретшілердің қатысуымен «Бір өлең-бір сурет» атты ерекше байқау өтті. Қатысушылар белгілі ақын Құрал Көмектің табиғат туралы 100 -ге тарта жырларының мазмұнын қағаз бетінде қылқалам арқылы сөйлетуде. Олар алдымен ақынның бір өлеңін таңдап, сол бойынша қиялына ерік беруі тиіс.

"Аспаннан жұлдыз ақты" атты картина
«Аспаннан жұлдыз ақты» атты картина

Табиғат аясын қандай бояумен, нендей тәсілмен, стильмен салу үміткерлердің өз еркінде. Қалалық әкімдік пен жазушылар Одағының облысымыздағы филиалы қолдау көрсеткен мұндай шара республика бойынша тұңғыш рет өтіп отыр.

«Менде бұл ой көптен бері жүрген. Сосын ақын Әбділда Аймаққа айтып едім, ол бірден қоштай кетті. Тақырыбын да өзі қойды. Алғашында оқушылар суретті сала ала ма деген қорқыныш та болды. Бірақ бүгін олардың жұмысына қарап, қуанып отырмын. Тіпті менің  өлеңде айтқым елген ойларымды қағаз бетінде әдемі сала білген. Үйлесімділік бар. Бұрын өлеңдерімді құлағыммен естіп қана келсем, бүгін көзіммен көріп, екі жанрдың әдемі үйлескенін көрдім»,- деп, ойымен бөлісті ақын Құрал Көмек.

Жеңімпаздарды марапаттау сәті
Жеңімпаздарды марапаттау сәті

Уәде еткен 1000 доллорға лайықты жас суретші табылмағандықтан, қазылар алқасы Нұрдәулет Кеңесбекке 100 мың теңге мен дипломды табыстады. Ал екінші орынды иеленген Жанат Жеңісбай мен Азада Қараева 50 мың теңгеден өзара бөлісті. Одан өзге қатысушылар алғыс хат пен дипломдармен марапатталып, ұйымдастыру алқасы шараны өткізуді дәстүрге айналдырамыз деп қалды.