«Қырық ертегі-қырық кейіпкер» байқауының жеңімпаздары анықталды

41

Биыл Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына 40 жыл. Осыған орай «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» республикалық сурет байқауы ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден аса өтініш келіп түскен. Халықаралық театр күнінде жеңімпаздар марапатталды. 

Халықаралық театр күніне орай Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Арбат алаңында өткен іс шарада мекеме ұжымы бүлдіршіндер назарына ең үздік қойылымдар топтамасын ұсынды.

Қуыршақ театрының керемет қойылымдары кішкентай көрермендердің көңілінен шықты. Ерекше шаттанған балалар театр ұжымына зор алғыстарын білдірді.

Мереке қарсаңында бір жылға созылған «Қырық ертегі-қырық кейіпкер» республикалық сурет байқауының қорытындысы шықты. Көркем сурет сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден аса туынды келіп түскен. Олардың барлығы да кішкентай балалардың қиялына ерік беріп, керемет суреттеген туындылар. Ішіндегі ең керемет туындыны анықтау қазылар алқасына оңайға соққан жоқ.

Самат Алтай, қуыршақ жөспірімдер театрының директоры: «Біздің театрымыздан 500-ден аса қуыршақ бар. 160 қойылымымыз бар. Кез келген уақытта қазақ және орыс тілінде өз көрерменімізге ертегілерімізді көрсетуге дайынбыз. Кішкентай көрермендеріміз де көп. Әр уақытта да залымыз бос болған емес. Сурет байқауын былтыр бастағанбыз. Қатысушылар өте көп болды. Бүгін қорытынды күні. 500-ден аса сурет келді»


Шара мақсаты қылқалам арқылы балалардың театрға деген махаббатын ояту. Сондықтан 1 орын иегеріне «Шымкентке кел» 3 күндік туристік билет табысталды. Ал 2 орынға 1 жылға жарамды «Құрметті көрермен» сертификаты берілсе, үшінші орын ал5ан бала «12 ай – 12 ертегі» сертификатына ие болды.