Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында»Алтын қауырсын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Журналистердің кәсіби біліктілігі және құқықтық қауіпсіздігі» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті.
Басты мақсат — журналистердің шеберліктерін шыңдап, жаңа медиа технологияларын қолдануды үйрену. Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының сарапшысы Ғалия Әженова, «Түркістан» газетінің журналисі Нәзия Жоямергенқызы мен ІТ-маманы Нұрлан Жанай семинар-тренингке жиналғандарға құқықтық, журналистік этика жайлы кеңес беріп, жаңа медиа технологияларымен қалай жұмыс істеу керектігі жайында сөз қозғады.
Семинар-тренингке жергілікті басылымдар мен телеарналардан 20 жуық журналист қатысты.