«Интернет журналистика және оның ерекшеліктері»

Интернет журналистика тақырыбындағы семинар
Интернет журналистика тақырыбындағы семинар
Интернет журналистика тақырыбындағы семинар

Журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Алтын қауырсын» қоғамдық қоры ұйымдастырған семинар-тренингтің тақырыбы осылай аталды. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының төрайымы Есенгүл Кәпқызы мен «Bilim Media Group» жоба үйлестірушісі Бақытгүл Салыхова 15 журналиске интернет журналистиканың дәстүрлі журналистикадан айырмашылығын түсіндірді. «Журналист және краудсорсинг» тақырыбында сөз қозғады. Google сауалнама жүргізу мен үнхабар жасауды үйретті. Семинар-тренингтің соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылды.

Аяулым Тастанбек, «Қазығұрт kz» журналының тілшісі: «Журналистерді қолдайтын осындай игі іс-шаралардың көп болғанын қалар едім. Бұл салаға енді ғана қадам басқан біздер үшін бұл семинар-тренингтің берері көп болды. Есенгүл Кәпқызы, Бақыткүл Салыховалардың біліміне, кәсібилігіне тәнті болдым. «Алтын қауырсын» қоғамдық қоры алдағы уақытта жиі ұйымдастыра берсе екен».