М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы бүгін қос мерекені атап өтті. Ол білім ордасындағы әскери кафедраның құрылғанына 50 жыл толуы және 7-мамыр Отан қорғаушылар күні.
Шара әскери кафедрада білім алатын 500-ге тарта болашақ офицердің шеруімен басталды. Қаз- қатар сап түзеген курсанттар ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті.
Ал оқу орнының әкімшілігі студенттерге темірдей қатал әскери тәртіп пен ұрыс қимылдарының қыр-сырын үйрететін оқытушыларды марапаттап, кеуделеріне арнайы сіңірген еңбегі үшін медалін тақты.
Сонымен қатар ашық аспан астында әскери кафедра факультетінің қару-жарақтары мен техникаларының әуелетін көрсететін көрме ұйымдастырылды.