«Үкілі үміт» байқауы өтті

492
"Үкілі үміт" облыстық өнер байқауы
Төле би ауданынан келген қатысушылардың "Аллаға шүкіршілік" әні құлақтан кіріп, бойды алды
Төле би ауданынан келген қатысушылардың «Аллаға шүкіршілік» әні құлақтан кіріп, бойды алды

Бүгін Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияда мүмкіндігі шектеулі балалардың «Үкілі үміт» облыстық өнер байқауы өтті. Өмір мен өнерге құштар өрендерді ынталандыру мақсатында ұйымдасытырлып жатқан бұл байқауда 100-ге жуық үміткер қатысты.

"Үкілі үміт" облыстық өнер байқауы
«Үкілі үміт» облыстық өнер байқауы

Өнер додасында балалар ән-жырдан шашу шашып, би түрлері бойынша бақтарын сынады.

Оралбек туындалырын көбіне кітаптардан алып жасайды
Оралбек туындалырын көбіне кітаптардан алып жасайды

Байқау аясында он саусағынан өнері тамған жас өрендердің қылқалам және қолөнер туындыларының көрмесі де ұйымдастырылған. Қазылар алқасы көрмедегі жұмыстардың жанрына қарай өз бағаларын берді.

Мақтарал ауданынан келген Оралбек Өткенбай бұл көрмеге бір емес, бірнеше туындысын алып келіпті. Оның қолынан шыққан авквариум қазылар алқасының да көрмені тамашалаушылардың да көңілінен шықты. Бұл жұмыспен жеткіншек бір ай бойы айналысқан. Жетекшісі Оралбектің қыл қалам өнеріне қызығушығы барын айтады. Оның майлы бояулы дүниелері осы көрменің ең тартымды туындыларының қатарынан табылды.