Тұрлан шағынауданында жаңа фитнес-студия ашылды

34

Шымкентте нәзік жанды аруларға арналған жаңа фитнес-студия ашылды. Тамаша орталық Тұрлан шағынауданында орналасқан. Кәсіби жаттықтырушылар мұнда балалар мен әйелдерге заманауи би түрлері, халық биі, гимнастика, аэробика және йогамен шұғылдануға көмек береді.

 

Сұлу мүсін, көркем қимыл және қозғалыс жеңілдігі. Шымкентте «Я на 5 танцую» студиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онда кішкентай ғана жұлдыздар өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал таңғажайып аниматорлар кештің көркін қыздырды.

Қала тұрғыны Елена Панамареваның немересі екі жылдан бері «Я на 5 танцую» студиясында жаттығады. Ол немересінің алты айдың ішінде жетістікке жеткенін айтады. Қазір кішкентай ғана өнерпаз бір мезгілде гимнастика және бимен айналысады.

Елена Пономарева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Олар балаларымызға өте жақсы қарайды. Бізді де жақсы қарсы алады. Қызметкерлері өте мейірімді. Жалпы команда жақсы, немерем әр күн сайын жаттығуға асығып тұрады. Енді біз гимнастика мен биге жазылдық. Немерем күні бойы осында бар уақытын өнерге арнайды»

Фитнес студия командасы 4 нұсқаушы мен 2 хореографтан тұрады. Олар заманауи, халық биі, гимнастика, аэробика және йогадан сабақ береді. Студияда балаларға да, ересектерге арналған сыныптар қарастырылған. Орталық иелері алдағы уақытта болашақ аналарға арналған топ ашуды жоспарлап отыр.

Альбина Кубрина, «Я на 5 танцую» фитнес студиясының директоры: «Көптеген ата-ана балаларына би мектебі немесе гимнастика сыныбын ашуды сұрайтын. Өйткені баланың денсаулығы өте маңызды. Бізде балалар үшін ғана емес, сонымен қатар біздің ауданның сұлу әйелдері үшін де есігіміз ашық. Көптеген әйелдер қазір өздеріне қамқорлық жасап, спортпен айналысқысы келеді, бірақ жақын жерден ондай орталық таппайды. Сондықтан ауданымыздың әйелдері осындай мүмкіндікке ие болу үшін фитнес-студия ашуды жөн көрдік»

Жұмагүл Шегебайқызы, №122 балабақшасының меңгерушісі, құрметті қонақ: «Өте қуаныштымын. БҮГІН АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНДЕ Тұрлан шағынауданында керемет орталық ашылып жатыр. Ерекше Фитнес орталық. Өте қуаныштымын»

«Я на 5 танцую» фитнес студиясы дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейді. Бәріне ыңғайлы кесте қарастырылған. Атап айтқанда таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін студия есігі айқара ашық. Командаға кез келген адам қосыла алады! Фитнес-студия Тұрлан шағын ауданы, Есенов көшесі 636 мекенжайында орналасқан.

Мекенжайы: Тұрлан шағынауданы, Есенов көшесі 636
Байланыс номері: 8-776-503-91-87

@ya_na5_prodlenka