Өз ісіне салғырт қарайтын сот орындаушылары көбейген

Өмірзақ Мелдеханов, "Нұр Отан" ХДП ШФ төрағасы
Өмірзақ Мелдеханов, "Нұр Отан" ХДП ШФ төрағасы
Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» ХДП ШФ төрағасы

Өз міндетіне жүрдім-бардым қарайтын сот орындаушылары көбейген. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі жиынында айтылды. Эксперттік комиссия төрағасы Өмірзақ Мелдехановтың айтуынша, сот актілерін орындаушылар айыппұлдарды өндіруді кейінге қалдырып, оны статистикалық құжатқа тіркемей, өз істерінің жоғары дәрежеде екенін көрсетуге тырысқан. Төраға жиында сондай-ақ, қылмыстық атқару жүйесіндегі бірқатар заңбұзушылықтар жайлы да жайып салды. Саладағы кемшіліктерді жою үшін жұмысты жандандыру керек деді Өмірзақ Мелдеханов. Ал төраға баяндаған сараптама нәтижесі төмендегідей.

ҚР Әділет Министрлігі сот актілерін орындау Комитетінің ОҚО бойынша департаменті және ҚР Ішкі Істер Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің ОҚО бойынша департаментінің жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарына жүргізілген

САРАПТАМА

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан арнайы Эксперттік комиссия құрылып, аталған мекемелер бойынша сараптама жұмыстарын жүргізген болатын. Сараптама қорытындысы бойынша әр департаментке жеке-жеке тоқталсақ:

1. ҚР Әділет Министрлігі сот актілерін орындау Комитетінің ОҚО бойынша департаменті (ары қарай Департамент) бойынша:

Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілген. Ол атқарылған жұмыстарды Департамент бастығының өзі айта жатар.

Департаментпен бұл бағыттарда бірқатар жұмыстар атқарылғанымен, құқық қорғау органдары мәліметтері бойынша заңбұзушылықтар орын алуда. Атап айтқанда,

Облыстық прокуратура органдарымен 2012-2013 жылдар аралығында ОҚО сот актілерін орындау Департаментінде жүргізілген тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар:

2012 жылы прокурорлармен 512 тексерулер жүргізіліп, нәтижесімен сот орындаушыларының заңға қайшы қабылданған 221 қаулыларына наразылықтар енгізіліп, олар заңға сәйкестендірілген.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою және болдырмау жөнінде 306 ұсыныстар қаралып, заң бұзушылықтарға жол берген 209 лауазым иелері тәртіптік жауапкершіліктерге, 33 азамат әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған. Заңсыздықты тез арада жою туралы 281 ұйғарым шығарылып, олардың барлығы қарау нәтижесімен орындалған.

Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде 925, 1 млн. теңге өндіру туралы 5 736 сот актілері мен уәкілетті органдардың қаулылары орындалған, оның ішінде мемлекет пайдасына 723, 2 млн. теңге өндірілген.

Яғни, 2012 жылы сот орындаушылармен мемлекет мүддесіне нақты өндірілген 1,3 млрд. теңге қаржының, 723,2 млн. теңгесі немесе 55,4% прокурорлық ықпалдар негізінде орындалып отыр.

2012 жылдың қорытындысымен сот орындаушылар өндірісінде мемлекет пайдасына өндірілуге жататын жалпы 5,2 млрд. теңге қалдықта қалып отыр.

Облыстық прокуратура тарапынан сот орындаушылар өндірісіндегі мемлекет пайдасына қатысты ұзақ мерзімнен бері орындалмай жатқан атқару құжаттары бойынша борышкерлердің мүліктері мен қаржыларын анықтау мақсатында қарсы тексерулер ұйымдастырылған.

Мысалы, Абай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің өндірісінде 2009 жылдың сәуір айынан «Ас-Мур» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 7,4 млн. теңге өндіру туралы атқару құжаты бойынша сот орындаушымен шешім қабылданбай келген.

2009 жылы сот орындаушылармен жүргізілген атқарушылық іс-шараларының нәтижесінде борышкердің атына тіркелген мүліктер мен банк есеп шоттарында қаржылар анықталмаған.

Ал, облыс прокуратурасымен бұл атқару құжат бойынша борышкердің мүліктері мен қаржысын анықтау мақсатында мемлекеттік тіркеу органдары мен екінші сатылы банктерге сұрау хаттары жолданып, жүргізілген қарсы тексеру нәтижесінде борышкер «Ас Мур» ЖШС-нің 2010-2012 жылдары аралығында, яғни атқару өндірісі қозғалғаннан кейін «Бта Банк» АҚ-да және «Цесна Банк» АҚ-да есеп шоттарын ашып, ол есеп шоттарда көрсетілген мерзімдер аралығында 128 млн. теңгеден астам қаржылар айналымда болғаны анықталған.

Яғни, борышкер сот шешімін орындаудан қасақана бас тартып, сот орындаушыға өздерінің табыс көздерін жасырып, жаңадан банк есеп шоттарын ашу арқылы кәсіпкерлік жұмыстарын ары қарай жалғастырып отырған. Ал сот орындаушылар өз тарапынан атқару өндірісі бойынша қайтадан тексеру амалдарын жүргізбеген.

Бұл тексеру нәтижесінде облыс прокуратурасымен анықталған мән-жайлар бойынша «Ас Мур» мекемесінің директоры Е.Стамбековке қатысты ҚР ҚК-нің 362 бабымен қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен бірге, мемлекетке кіріс етілмеген айғақ заттарды анықтау мақсатында айғақ заттарды сақтау қоймаларында тексерулер жүргізіліп, екі қылмыстық іс бойынша айғақ заттардың сақтауда тұрған жерлерінде жоқ болып шыққаны анықталған.

Бірін атап өтсек, Шымкент қаласының Енбекші аумақтық сот орындаушылар бөлімінде тексеру жүргізу барысында айғақ заттарды сақтау қоймасында сот актісі негізінде мемлекетке кіріс етілген 17 000 теңгенің және 25,65гр. алтын алқасы жоқ болып шыққаны анықталған.

Бұл дерек бойынша облыс прокуратурасымен қылмыстық іс қозғалды.

Прокуратура органдарымен осы мерзімде мемлекетке берешегі бар борышкерлерді сот шешімін орындамағаны үшін 21 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал аталған жұмыстар сот орындаушылармен атқарылуы тиіс болатын.

Сонымен қатар, прокуратура органдарымен әкімшілік айыппұлдарды өндіру жағдайына тексерулер жүргізілген.

Мысалы, 28.12.2012 жылы Шымкент қаласының Абай аумақтық сот орындаушылар бөлімінде жылдың қорытындысына қарай сот орындаушылармен орындауға келіп түскен атқару құжаттарын тіркеу заңдылығына тексеру жүргізу барысында аталған бөлімнің хатшылық бөлмесінде Шымкент қаласының жол полициясымен мәжбүрлеп орындауға жолданған 14,2 млн. теңгеге қатысты 1 836 әкімшілік құқықбұзушылық туралы құжаттары 15 күннен бері қозғалыссыз жатқаны анықталған.

Яғни, сот орындаушылар заң талаптарын бұзып, 3 тәулікте орындауға келіп түскен атқару құжаттары бойынша шешім қабылдамай, өздерінің статистикалық мәліметтерін орындауға келіп түскен құжаттарды енгізбеу арқылы жоғарылатуды көздеген.

Дер кезінде қолданылған прокурорлық шарасы нәтижесінде мемлекеттік статистикалық есептің бұрмалануына жол берілмей отыр.

Жалпы, прокуратура тарапынан атқару құжаттарының орындалу заңдылығына 98 тексерулер жүргізіліп, нәтижесі бойынша 93 заң бұзушылықты тез арада жою жөнінде ұйғарымдар шығарылған, 69 сот орындаушының заңсыз қабылданған қаулылары прокурорлық наразылықтары негізінде бұзылған, енгізілген 68 ұсыныстың қарау нәтижесінде 43 сот орындаушы тәртіптік жауапкершіліктерге тартылса, 8 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қолданылған прокурорлық шаралардың нәтижесінде 437,6 млн. теңгеге қатысты 3 787 әкімшілік айыппұл өндіру туралы атқару құжаттары нақты орындалған.

Бұл өндірілген сомма сот орындаушымен әкімшілік айыппұлдан өндірілген жалпы қаржының 58,7 пайызын құрап отыр. (сот орындаушылармен 745,6 млн. теңге ғана өндірілген).

2013 жылдың 1 тоқсанында Департаменттің аумақтық сот орындаушылар бөлімшелерінің өндірісінде 95,8 млрд. теңге өндіру туралы 40 155 атқарушылық іс-жүргізу құжаттары болған.

Осы мерзім ішінде прокуратура органдарының ықпал ету актілерінің негізінде мемлекет пайдасына нақты 25, 9 млн.теңге өндірілген немесе сот орындаушылармен жүргізілген іс-шараларының нәтижесінде өндірілген 94,7 млн. теңгенің 27,3 пайызын құрайды.

Облыс прокуратурасымен Департаментте және аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінде жүргізілген тексеру нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған, олар бойынша тиісті шара көрілмегені анықталып, облыс прокурорының ұсынысы бойынша 16 аумақтық бөлімшелер бастықтары – аға сот орындаушылары тәртіптік жазаға тартылған.

Сонымен бірге облыс прокуратурасының бастауымен сот орындаушылардың өндірісіндегі мемлекет пайдасына қатысты ұзақ мерзімнен бері орындалмай жатқан атқару құжаттары бойынша борышкерлердің мүліктері мен қаржыларын анықтау мақсатында қарсы тексерулер ұйымдастырылған. Мысалы,

Еңбекші аумақтық сот орындаушылар бөлімімен 24.08.2012 жылы борышкер «Юг Ойл LTD-II» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 19,1 млн. теңге және 7,4 млн. теңге әкімшілік айыппұл өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу өндірістері қозғалған.

Сот орындаушымен атқарушылық іс шараларын жүргізу барысында борышкердің екінші деңгейлі банк мекемелеріндегі есеп шоттары толығымен тексерілмеген, тек 6 банктің жауаптары алынып, қалған 10 банктің жауаптары алынбаған.

Еңбекші аудандық прокуратурамен қарсы тексеру жүргізу барысында борышкер мекеменің «Альянс Банктегі» есеп шотында ақша айналымының болғандығы анықталған.

Дер кезінде қолданылған прокурорлық шаралар нәтижесінде 19.02.2013 жылы 900 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілген.

Осы мерзімде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 69 ұсыныс қаралып, заң бұзушылықтарға жол берген 74 лауазым иелері тәртіптік және 7 әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңсыздықты тез арада жою туралы 75 ұйғарымдар шығарылып, олардың барлығы қарау нәтижесімен орындалған.

Сонымен қатар, Департаментте 2012 жылы және 2013 жылдың 1-ші тоқсанында Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау туралы» Заңының талаптарының сақталуына жүргізілген тексеруде заңбұзушылықтар анықталған.

Статистикалық есепті зерделеу кезінде бірде бір арыз бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданбағаны анықталды, алайда арыздардың және оған жауаптардың мазмұнына қарағанда бірқатар арыздар бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдер қабылданғаны анықталған.

Мысалы, Р.Булебаева 15.02.2013 жылы Департаментке Шымкент қаласы Әл-Фараби аумақтық бөлімінің сот орындаушысы М.Шатырбаевтың іс әрекетіне жазған арызы қаралып, нәтижесінде сот орындаушымен атқарушылық іс жүргізу өндірісі бойынша әрекеттері заң аясында жүргізгені туралы 15.03.2013 жылы жауап берілген, яғни Р.Булебаеваның арызында көрсетілген уәждері өз дәлелін таппағандықтан қанағаттандырусыз қалдырылған.

Осындай мағыналас заң бұзушылықтар азаматтардың және заңды тұлғалардың 18 арыз-шағымдары бойынша орын алған.

Аталған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есеп бұрмаланған.

Сонымен қатар, әр түскен арыз бойынша есеп алу карточкасы арналуы тиіс, алайда бұл талап мүлдем назардан тыс қалған.

Бұдан бөлек, әр жылдың соңында қаралған азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері оған қатысты құжаттар іс қалыптастырылып, мұрағатқа тапсырылу керек болса, бұл талаптар сақталмай 2012 жылғы барлық өтініштер мен жауаптар тек істерге жинақталып, ұйымдастыру талдау және атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінде сақталатыны анықталған.

Сондай-ақ, тексеру барысында кейбір арыздар бойынша бақылау істері арналатыны, ал кейбірлері бөлім орналасқан бөлмеде есепсіз еш бір іске тігілмей сақталатыны анықталған.

Заңның 9 бабының 1 тармағында, субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы қарауды қамтамасыз етеді деп көрсетілген.

Заңның бұл талабын бөлім мамандары сақтамай, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтарына нұқсан келтірген.

Департаментпен статистикалық есебінде 2012 жылы және 2013 жылдың 3 айында қаралған азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының қарау мерзімдері бұзылмаған деп көрсеткен.

Алайда, тексеру барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есебінің бұрмалауына жол берілгені анықталды.

Сондай-ақ, Департаменттің бөлім қызметкерлерімен заңмен белгіленген арыз шағымдарды қарау бойынша 30 күн мерзімдерін бұзу көптеген деректері анықталды.

Мысалы, 20.02.2013 жылы Департаментке №5546 әскери бөлімінің командирі Б.Оспанбековтың сот шешімінің орындалмай жатқаны жөнінде арызы келіп түсіп, оны қарау үшін бөлімінің маман А.Джабагиеваға тапсырылған. А.Джабагиевамен арыздың қарау нәтижесі бойынша 19.04.2013 жылы арыз иесіне 30 күн белгіленген мерзімді бұза отырып, жауап берілген.

Осы сияқты заң бұзушылықтар 47 азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша орын алғаны анықталған.

Сонымен қатар, осы тексеру барысында тіпті азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына жауап бермеу деректері де анықталған. Мысалы,

11.12.2012 жылы Департаментке сот шешімінің орындалмай жатқаны жөнінде «Kaspi Bank»-ның Шымкент қаласы филиалының бастығы М.Айтуаровтың арызы тіркеуге алынып, арызды қарау бөлім маманы М.Момынкуловаға тапсырылған.

Алайда, бұл заңды тұлғаның арызына бүгінгі күнге дейін, яғни 4 айдан астам уақыт арызына жауап берілмегені анықталды.