350 еңбеккер жұмыссыз қалмақ

"Гаухар" тігін фабрикасы жабылады

 

«Гаухар» тігін фабрикасы жабылады

Шымкентте көпке белгілі «Гаухар» тігін фабрикасы өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Төтенше жағдайлар басқармасы кәсіпорын өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамады деп отыр. Тез тұтанатын материалдармен жұмыс істейтін орынның басшылығына тілсіз жауға төтеп бере алмайтынын мамандар тіпті талай рет ескертіпті. Енді экономикалық сот шешімі шыққан соң, сот орындаушылар бүгін фабриканы жабуға келді.

Сот орындаушылар фабриканың жұмысын тоқтатуға келіп еді. Кәсіпорындағы 350-ге жуық еңбеккердің қауіпсіздігін қаперінен шығарған басшы шенеуніктерге хабарласып, мәселені шешпекке әрекеттенді. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тігіншілер отырған ғимараттың тілсіз жауға төтеп бере алмайтынын анықтап, кемшілік негізінде сотқа арызданған-ды. 

Жұмыс берушіге алдын ала ескертпе жасалған да көрінеді. Мекеме басшысы анықталған бірқатар кемшіліктер жойылды деп сендіреді. Бірақ қағаз жүзінде мұны дәлелдеп бере алмады.

Сот шешімін орындауға келген орган қызметкерлері мекеменің 1 цехті жауып, 100 ден астам тігіншіні уақытша жұмыс орнынан босатты.

«Гаухар» тігін фабрикасының директоры сот орындаушыларға арнайы хат жазып 7 күнге деиін мекеменің жұмысын тоқтату туралы шешімін создырған. Хатта осы мерзімде міндеттемелерімізді орындамасақ, жұмысшыларды ескерте отырып, фабриканың жұмысын ерікті түрде тоқтатамыз делінген. Егерде бір апта ішінде кәсіпорын уәдені орындамаса, бүкіл фабрика жұмысын тоқтатады. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yzo1RB-7__A[/youtube]