«Фил сүресі» негізінде түсірілген мультфильм

Шымкенттегі «Оңтүстік фильм» студиясы «Алып піл» атты танымдық, діни мультфильмінің тұсаукесерін өткізді

Шымкенттегі «Оңтүстік фильм» студиясы «Алып піл» атты танымдық, діни мультфильмінің тұсаукесерін өткізді. Көрсетілімнің алғашқы көрермендері имамдар болды. Аниматорлар бұл туындыны көпшілікке ұсынбастан бұрын діни сауаты бар азаматтарға көрсетіп алғанды жөн санапты.

Шымкенттегі «Оңтүстік фильм» студиясы «Алып піл» атты танымдық, діни мультфильмінің тұсаукесерін өткізді
Шымкенттегі «Оңтүстік фильм» студиясы «Алып піл» атты танымдық, діни мультфильмінің тұсаукесерін өткізді

Мультфильмнің сценаристі – Қазақстан аниматорлары ассоциа-циясының төрағасы, режиссер-сценарист – Батырхан Дәуренбеков. Режиссері «Сақ» киностудиясының директоры – Нұриддин Пәттеев. Анимациялық мультфильмнің басты кейіпкерлері – Піл мен Тиін.

Мультфильмнің желісі бойынша, басты кейіпкер Піл қатты шөлдеп, су іздеп жүргенде Тиінді кезіктіреді. Тиін өз кезегінде «Раббымыз сізді жақсы көрсін десеңіз мені де өзіңізбен бірге ала кетіңіз. Мен де қатты шөлдеп тұрмын»,- дейді. Осылайша алып Піл мен үрпек Тиін жолға шығады. Жолда, Піл Йемен әскерінің қолбасшысы Әбраһанның иелігінде болған кезінде бастан кешкен оқиғасын айтып береді.

Көрсетілімнің алғашқы көрермендері имамдар болды
Көрсетілімнің алғашқы көрермендері имамдар болды

Мультфильмді жасаушылар «Құран тілі балалар түгілі үлкендерге ауыр. Мақсатымыз — ислам дінін дәріптеп, Құрандағы «Фил» сүресін бүлдіршіндерге мультфильм арқылы, оның сүйкімді кейіпкерлері арқылы жеткізу болды»,– дейді.

– Көптеген ата-ана баласының тыныш отырғанын қалайды, – дейді ОҚО бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев.

– Сол себепті де, ата-аналар баласына күнұзаққа теледидарды қосып, мультфильмдер дискiсiн бiрiнен соң бiрiн қойып беретіні жасырын емес. Алайда, ол туындының мағынасына мән бермейді. Сол себепті де, «Сақ» киностудиясының басшысына діни, танымдық мультфильм түсіруге қолқа салғанымыз рас.

Құран тілі балалар түгілі үлкендерге ауыр. Мақсатымыз - ислам дінін дәріптеп, Құрандағы «Фил» сүресін бүлдіршіндерге мультфильм арқылы, оның сүйкімді кейіпкерлері арқылы жеткізу болды
Құран тілі балалар түгілі үлкендерге ауыр. Мақсатымыз — ислам дінін дәріптеп, Құрандағы «Фил» сүресін бүлдіршіндерге мультфильм арқылы, оның сүйкімді кейіпкерлері арқылы жеткізу болды

Туынды «Фил сүресі» негізінде түсірілді. Бұл мультфильмді жасау барысында әрбір сөзін шариғат шеңберінен шықпауын қадағаладық. Ұлтжандылық, отансүйгіштік, ислами бағытта тәрбиелеп, осындай мультфильмдерді көптеп көрсететін болсақ, бүкіл Қазақстан халқын таза ұлтжандылыққа, Отан-ды сүюге тәрбиелеп өсірер едік.

Шымкенттегі аниматорлар 12 минуттық бұл туындыны жасауға 3 ай уақыт жұмсапты. Өз қаражаттарына түсірген. Мультипликациялық фильмнің авторы алдағы уақытта демеушілер табылып жатса, діни, танымдық туындылардың қатары тағы да көбейе түсетінін жасырмады.

Айжан Ермекқызы

Батырхан Дәуренбеков
Батырхан Дәуренбеков

Батырхан Дәуренбеков, сценарист

– Ислам дінін негізге ала отырып түсірген екі туындымыз бар. Бірі «Ниет», екіншісі, осы «Алып піл». 12 минутқа дін туралы жалпы түсінікті енгізуге тырыстық. Мультфильмді республикалық телеарнаға ұсыну жоспарда бар. Кез келген жан мұны көшіріп алып, көруіне мүмкіндігі бар. Анимациялық мультфильм саласында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Мультфильм жасау оңай емес.  Осы уақыт ішінде санасы селдір, буыны бекімеген өскелең ұрпаққа бағытталған 20-дан астам туынды ұсыныппыз. Алдағы уақытта да кішкентай көрермендерімізге арналған базарлығымыз көп боларына сенімдімін

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nu3AeMekBn8[/youtube]