Гүлісхан Нахбаева әлем чемпионын артта қалдырды

431
Жансая өзінен әлдеқайда үлкен 7 қарсыласпен бір уақытта шахмат ойнаған болатын. Ел чемпионатында ол Гүлісханға есе жіберіп алды

Шымкентте шахматтан ел чемпионаты жалауын көтерді. Қазақстанның 20 үздік шахматшысы оңтүстікте шеберлік танытуға ниет етіпті. Олардың арасында жерлесіміз Гүлмира Даулетова, Жансая Әбдімәлік және Мадина Даулетова да бар. Сондай-ақ, Гүлісхан Нахбаева да сынға түсті.

 Жансая бұл жолғы ел чемпионатында күмістен алқа тақты
Жансая бұл жолғы ел чемпионатында күмістен алқа тақты

Жарыс басынан көш бастаған шахмат шеберлері соңғы турда жеңіліс тауып, классикалық шахматтан халықаралық дәрежедегі шебер Кирилл Кудеринов алғаш рет ел чемпионы атанды. Ол гростмейстер ұпайын да жинай білді. Ал күмістен алқаны өскемендік спортшы Петр Костенко еншіледі. Қола медальды павлодарлық Ринат Жұмабаев иеленді.

Ал қыздар арасында Жансая Әбдімәлікпен шымкенттік шахматшы Гүлісхан Нахбаева тоғызыншы турда жеңіске жетті. Жарыс ережесі бойынша олар тай-брейкте бірінші орынға таласқа түсті. Нәтижесінде Гүлісхан қарсыласынан басым болып, Әлем чемпионын артта қалдырды.