Кентаудағы Тлеуов «тағынан» түсті, түрмеге тоғытылды

324
сот процесі
сот процесі
сот процесі

Кентауды жылдар бойы шулатып келген Оразбек Тлеуов және оның командасы сот залында айыпталушының орындығынан бір-ақ шықты. Соттың бұл отырысын кентаулықтар ұзақ уақытrкүтіп, қадағалады да. Қаланың кримагендік аңызына айналған Оразбек Тлеуов жылдар бойы бопсалап ақша алып келген, адам ұрлығымен айналысқан.

Сотталып жатса да, одан жәбір шеккен қала тұрғындарының басым бөлігі оның заңсыз әрекеттері туралы ашып айтуға бел бумаған. Алайда кәсіпкер Тимур Ешмұрзаев жүрек жұтып, сотқа жүгінген. Нәтижесінде 90 жылдардан бері, кентаулықтардың басында атой ойнатқан Тлеуовтің жымқырқы әрекеті әшкере болған.

Ол Өзбекстан елінде іс-түссіз жоғалып кеткен азаматты, үйінде құлдықта ұстап келген. Тексеру нәтижесі көрсеткендей айтылған айыптаулар оны, және оның үлкен ұлы-Маратты, сыбайласы Азамат Құнанбаевты бас бостандығынан айыруға жеткілікті болған. Нәтижесінде «Бандының басы» Оразбек Тлеуов 9 жылға, ұлы 8 жылға, сыбайласы 5 жылға темір торға тоғытылды.