Кентауда абоненттердің сөнген электрқуатын қосу жұмыстары жүргізілуде

26
Кентау жылусыз қалды

Кеше 13 желтоқсанда орын алған жағдайға қатысты Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметімен хабарластық. Ресми жауапты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

13.12.2023 жылы қатты желдің салдарынан (25-30 м/с) Кентау қаласында ​ электр энергиясы сөніп, коммуналдық салаларда бірқатар проблемалар орын алды. 13.12.2023 жылы сағат 19.35-те жылу орталығында (ТЭЦ-5) электр энергиясы ​ сөнуі себебінен, ​ ​қазандықтардың жұмысы тоқтаған болатын. Сағат 19.41-де қайта қосылып, қазіргі таңда 4 қазандық штаттық режимде жұмыс атқарып тұр.

Қаланың кейбір аумақтарында қатты желдің салдарынан сөнген абоненттердің электрэнергиясын қосу жұмыстары жүргізілуде.