Оңтүстікте 146 мекеме банкроттыққа ұшырауы мүмкін

361
Жыл басынан бері Оңтүстікте жалған және әдейі банкроттық фактісі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған
Жыл басынан бері Оңтүстікте жалған және әдейі банкроттық фактісі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған
Жыл басынан бері Оңтүстікте жалған және әдейі банкроттық фактісі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған

ҚР Дәрменсіз борышкерлерді оңалту туралы заңдылыққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Борышкерлермен жұмыс комитетінің облыстық департаментінің өкілдері арнайы дөңгелек стол ұйымдасырып, жаңалықтарды талқылады.

Жыл басынан бері Оңтүстікте жалған және әдейі банкроттық фактісі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған. Былтыр жыл бойы тек 2 қылмыстық іс болған. Енді жаңартылған заң бойынша жалған банкроттықтың жолы кесіледі.

Бауыржан Әлтеев, ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің басшысы: «Енді өзгертілген заң бойынша банкроттыққа ұшыраған мекемелер қайта тіркеуден өте алмайды. Бұрынғы банкроттығы мәлімет міндетті түрде ескерілетін болады. Бұрындары әдейі және жалған банкроттыққа ұшырағандар қайта тіркеуден өтіп, бір емес бірнеше рет осы жолды қайталаған болатын».

Тағы бір жаңалық банкроттықа ұшыраған мекеменің қаржылық шаруашылығын сотқа дейін уақыртша конкурстық басқарушы қолға алса, сотқа жеткен соң кредиторлар басқарушыны өздері таңдайтын болады. Бұл өзгеріс пікірталас тудырды басқосуда.

Жаңалықтар мамандардың пікірталасында саралануда. Бұл толықтыру заңға енгізілген екінші өзгертулер. Өткен жылы қабылданған жаңалықтар да жемісті болған дейді тиісті мекеме басшылығы.

ОҚО-да 146  мекме банкроттықа ұшыраған. Олардың бюджет алдындағы берешегі 40 млрд-қа жуық.