Пауэрлифтингтен Қазақстан чемпиондары анықталды

397
Шымкенттіктер командалық есепте топты жара білді
Шымкенттіктер командалық есепте топты жара білді
Шымкенттіктер командалық есепте топты жара білді

Өткен аптада Пауэрлифтинг бойынша Шым қалада алғаш рет Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Бес күн бойында 15 жастан 70 ке дейінгі спортшылар зіл темірді көтеріп, ептілерді анықтады. Жарысқа қатысуға 14 облыстан 200 қатысушы ниет білдіріпті. Жарыс бағдарламасы бойынша спортшылар бастапқыда зіл темірді иығына қойып көтерсе, кейінгі де жатып көтереді.

Алғашқы күннің өзінде-ақ көшбасшылардың есімі белгілі болды. Олардың арасында шымкенттіктер де жоқ емес. Нәтижесінде пауэрлифтингтен әйелдер арасында Гилинская мен  Хан алтыннан алқа тақты. Ал Черезова болса күміс медальды еншіледі. Ерлер арасынан Тұраханов Давранбек пен Алексей Ким жеңіс тұғырына көтерілді.

Жарысты қорытындыласақ, жатып көтеру бойынша командалық есепте шымкенттіктер бірінші орыннан көрінді. Ал ерлер арасында жерлестеріміз пауэрлифтингтен қарағандылықтардан кейінгі сатыны қанағат етті. Сондай ақ бұл жолы Мусаев, Кошкаров және Абдурахмановалар чемпион атанып, қоржынға алтын медаль салды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=d9fdJNPOuGQ[/youtube]