Шымкенттік пауэрлифтинг шеберлері Әлем Кубогын жеңіп алмақ

226
Александр Ким әлем рекордын жаңартты

Шымкенттік ауыр атлетші Александр Ким бұл жолы да жеңімпаз атанды. Пауэрлифтингтен Үндістанда өткен Азия чемпионатында ол абсолюттік жеңімпаз атанып, 120 келі салмақтағылар арасында топ жарды.

Александр Ким әлем рекордын жаңартты
Александр Ким әлем рекордын жаңартты

Александр Ким, пауэрлифтингтен Азияның абсолюттік чемпионы: «Дайындығымыз өте жақсы болды. Алғаш рет үндістанда болдық. Нәтижесінде командалық есепте үшінші орыннан көріндік. 340 келіні осыған дейін Азияда ешкім бағындырмаған болатын. Жолым болды. Әрине бұдан да ауыр зілтемірді көтеруге болар еді, алайда бұйырғаны осы шығар. Осыған да қанағат».

Бұл жолы жерлесіміз екі алтын медальді жеңіп алды. Зілтемірді отырып көтеруде ол 285 келіні бағындырса, келесі жаттығуында 340 келілік зілтемірді көтерді. Осылайша 27 жастағы чемпион екінші рет Әлем рекордын жаңартып отыр. Сондай-ақ,  Александр облыс қоржынына күміс медальды да сала білді.

Спорттағы соңғы алты жылының ішінде Александр арнайы құралдарсыз алғаш рет спорт алаңына шықты. өйткені пауэрлифтинг енді классикалық әдіс бойынша өтетін болды. Осылайша спорттың бұл түрін Олимпиада тізіміне енгізсек дейді жарыс ұйымдастырушылары. Оның үстіне алда бір қатар жауапты жарыстар күтіп тұр.

Сергей Рашидов, пауэрлифтингтен ОҚО аға бапкері: «Жарыс аяқтала салысымен келесі турнирге дайындалып жатырмыз. Алда Әлем кубогі үшін талас күтіп тұр».

Әлем чемпионатына ерлермен бірге әйелдер командасы да дайындық үстінде. Бойжеткендеріміз де облыс қоржынына алтыннан медаль салуы тиіс.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=X5cnEfH4pu0[/youtube]