Өткен аптада Республикалық Универсиаданың жалауы Шымкентте көтерілді. Универсиада тарихында алғаш рет бұл байрақты доданың ашылу салтанаты Шым қалаға жоспарланған. Жалауы орталық стадионмен алып өтіліп, VII-інші жазғы студенттер универсиадасының алауы да тұтанды. Бәсеке спорттың 31 түрінен еліміздің әр қаласында өтеді. Оның жетеуі оңтүстікке жоспарланған. Бұл күндері оқ ату спорт түрімен, бокстан дода Шымкентте өтті. Былғары қолғап шеберлерінің бес күндік кездесулерінің нәтижесінде ОҚМУ студенттері бірінші орынды еншіледі. Ал футболдан қыздар арасында жерлестеріміз топты жара білді. Сондай-ақ, грек рим күресінен де жарыс аяқталып, чемпиондар анықталды.оңтүстік палуандары екі рет жеңіс тұғырына көтеріліп, командалық есепте екінші орынды қанағати етті.
Жарыс барысында 30-дан астам жоғары оқу орындарының жастары спорттық додаларда медальдар үшін таласқа түсуде. Олардың арасында Шымкенттің студенттері де бар. Бұл дода бүкіләлемдік универсиадаға іріктеу. Чемпиондар ұлттық құрамадан өз орнын тауып, биыл Казаньда өтетін байрақты жарыста ептілігін сынға салатын болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tXbdP63wePA[/youtube]