Шымкент қаласын ендігі жерде кім басқаратыны белгілі болды. Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жаңа басшы Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдымен таныстырды.
Қалалық мәслихаттың 29 депутаты шаһардың жаңа әкімінің кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады. Еңбек жолын бизнес саласынан бастаған жаңа басшы еліміздің премьер министрі кеңсесінің әлеуметтік — экономикалық бөлім меңгерішісінің орынбасарына дейінгі қызметті абыроймен атқарған. Осыны ескерген халық қалаулылары Дархан Сатыбалдыны Шымкенттің әкімі болуға лайық деп шешті.
39 жастағы Дархан Амангелдіұлы бұған дейін ҚР Президент істері басқармасында кеңесші, бас сарапшы, қаржылық бақылау және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінде жұмыс атқарған. Сондай-ақ, 2010 жылы ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы болған. Тәжірибесі тұнып тұр. Облыс әкімі тәжірибесі бар мемқызметкердің ендігі ісіне нақты жоспар қойды. Ең бастысы қысқа дайындықты бүгіннен бастау қажеттігін баса айтты.
Жиында облыс орталығының бұған дейінгі әкімі Қайрат Молдасеитов туралы да аз айтылмады. Денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен босаған Қайрат Құсейінұлы ендігі жерде қаланың көркеюіне үлес қосады деді депутаттар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Y00ZSJjiG3M[/youtube]