Шымкент қаласының 15 мектебі күрделі жөндеуден өтеді. Былтыр қала аумағындағы 4 мектеп пен 1 балабақша ғана күрделі жөндеу көрген болса биыл қалалық қазынадан арнайы қаржы бөлініп отыр. Бұл дегеніңіз, жөндеу күтіп тұрған бірнеше білім ордасы жаңаланады.
Биыл күрделі жөндеуден өтетін 7 мектептің бірі ғимараты 1937 жылы тұрғызылған №45 мектеп. Осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген ғимаратты жаңартуға бюджеттен 124 млн теңге бөлінді. Ол қаржыға білім ошағының бір бөлігі жөнделеді. Мектеп ұжымы 26 мамырда мердігерлер міндеттерін орындауға кіріседі деп қуанып отыр. Осы қаржыны ұстаздар өткен жылы күткен еді.
Биылғы жылы қала басшылары жарады. Бірден 15 білім мекемелеріне күрделі жөндеу жасамақ. Өткен жылы ол бар болғаны 4 мектеп пен балабақша болатын. Ағымдағы жөндеуге 166 млн теңге бөлінді. Ол қаржыны әр мектеп көлемі мен қажетілігіне қарай алатын болады.
Әзірге мердігерлер балабақшаларда ғана жұмыстарын бастады. Ал мектептерді кезеңге бөліп жөндеу жазғы демалыс уақытының мерзіміне байланысты болып отыр.