Мұндай сериялы нөмір қолданыста мүлдем жоқ

Шымкентте демалыс күндері қарсаңында жол полициясының қызметкерлері күшейтілген рейдке шығады. Бұл іс-шаралар біраздан бері тұрақты түрде өтіп келе жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, аптаның соңына қарай рөлге мас күйінде отыратын жүргізушілер қатары қалыңдайтын көрінеді. Бұл жолғы рейд барысында да жол жүру тәртібін өрескел бұзу фактісі әшкереленді.

Мұндай сериялы нөмір қолданыста мүлдем жоқ
Мұндай нөмір қолданыста жоқ

– Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жол полицейлері рейдке шыққан болатынбыз, – дейді жол полициясының инспекторы Әбілқас Ахметов. – Кезекшілікте тұрған сәтте біздің қасымыздан зуылдап өтіп кетпек болған БМВ көлігін байқап қалып, тоқтаттық. Алайда ол қашып кетпек болды. Бірақ, ұзаққа кете алмай, келесі бір бекетте тоқтатылды.

Әбілқас Ахметов, жол полициясының инспекторы
Әбілқас Ахметов, жол полициясының инспекторы

Тексеру барысында БВМ көлігі жүргізушісінің тәртіп сақшыларынан не үшін сытылып кетпек болғанының себебі анықталды. Жас жігіт өзінің көлігінің мемлекеттік нөмірлерін қағазбен жауып алған болып шықты. Онымен қоймай, көліктің алдына сиямен жазылған жалған нөмірді жапсырып алған.

Жүргізуші дереу жалған нөмірді жыртып жатыр
Жүргізуші дереу жалған нөмірді жыртып жатыр

Өзінің қателік жасағанын түсінсек керек, жүргізуші дереу нөмірді жауып тұрған қағазды жыртып тастап еді, астынан көліктің заңды нөмірі шыға келді.

Артқы нөмірдің орнында, тіпті, ештеңе жоқ
Артқы нөмірдің орнында, тіпті, ештеңе жоқ

Бірақ, «қызықтың көкесі» әлі алда болатын. БМВ-ның артқы нөмірі таза қағазбен жабылып тасталыпты. Жүргізуші оны да алып тастаған соң астынан теріс ілінген нөмір көрінді.

Көліктің артқы нөмірі теріс ілінген
Көліктің артқы нөмірі теріс ілінген

Мұның себебін сұрағанда жас жігіт «көлігімді бояуға алып кетіп бара жатыр едім» деп жауап берді. Ал алдыңғы нөмірді «жай, әншейін, жаза  салып едім» дейді. Осылайша бір емес, екі рет жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушінің көлігін тәртіп сақшылары ақылы айып тұрағына алып кетті.

Нөмірді қолдан жазған жүргізуші - осы
Нөмірді қолдан жазған жүргізуші 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9EIGnsYh5E0[/youtube]