39 млн теңге қарызы бар жүргізуші көлігі айыптұраққа қойылды

69

Шымкентте 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар жүргізуші анықталды.

Қалада 4 желтоқсаннан бастау алған «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тәртіп сақшылары мен атқарушылық іс жүргізу органдарының мамандары бірлесіп, екі күнде берешегі бар көлік тізгіндеушілердн 20 миллион теңгеден астам қаражат өндірді. Сондай-ақ  қарызын өтеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, 119 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Полиция хабарлауынша, күні кеше Қонаев даңғылының бойында «Chevrolet Damas» автокөлігі тоқтатылған. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның көлік басқару құқығы шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталыпты. Көлік бірден айыптұраққа қойылды.