Облыс қоржынына алтын медаль салу. Шымкенттік дзюдошылар алдына осындай мақсат қойып отыр. Ұлы жеңіс күні Тараз қаласында Республикалық жастар ойындарының кезекті бәсекесі өтеді. Бес күн бойында палуандар медальдар үшін таласқа түседі. Жерлестеріміз де жүлдеден құр қалмасақ деп үміттенеді.
Базарбек Донбай, дзюдо күресінен жастар арасында аға жаттықтырушы: «Ағалар алдымызға тек 1-2-інші орын алып келіңдер деген мақсат қойып отыр. Енді бұйыртса бұл жоспарды іске асырамыз деп отырмыз. Қазіргі таңда дайындық жүріп жатыр».
Самат Есен — оңтүстік үміті. Осы жарыста ол жүлдемен қуантады деп бапкерлер сенім артады. Сондай ақ, 55 және 66 келі салмақтағы палуандарымыз да өзгелерге қарағанда ептілеу. Тек қыздар командасы ғана Республикада топты жара алмауы мүмкін.
Есен Самат, дзюдо күресінен ҚР чемпионы: «Дайындығымыз жаман емес. Мақстамыз облыс намысын қорғап, жастар спартакиадасында топты жару. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алсам деп алдыма мақсат қойып отырмын».
Бүгінде оңтсүтіктің жас палуандары оқу жаттығу жиынында шеберлігін шыңдауда. Бапкерлер әлі де іріктеу жасауда. Қателікпен жұмыс жасалынып, соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде.