Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы сенсация жасады

27

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шерхан Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Олимпиада чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Нұрлыхан Шерхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023

© Photo : olympic.kz

100 келіге дейінгі салмақағы ширек финалда Шерхан жапон спортшысы Аарон Вольфты жеңді. Айта кетері, Аарон Вольф – Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиаданың чемпионы, сондай-ақ 2017 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы және 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жартылай финалда Нұрлыхан 2022 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Музаффарбек Туробоевпен кездеседі.