Бір күнде қалалық Нұр Отан партиясының қатары бірден 64 адамға толықты. «ЮгОйл» компаниясының қызметкерлері партия құрамына өтуге ниетін білдірді.
«ЮгОйл компаниясы» Жанар-жағар май құю бекеттерінің жүйесі Шымкенттік жүргізушілерге етене таныс. Сапалы сұйық отын, көңілге қонымды қызметтің арқасында бекет жұмысы жанданып, клиенттердің қатары көбейіп отыр. Компания мұнымен шектеліп қалмақ емес. Қоғамдық жұмыстарға араласып, елдің ішкі және сыртқы саясатына, экономиканың дамуына «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе
үлес қосуды жөн деп ұйғарыды.
Данияр Байкенжеев «ЮгОйл» фирмасының директоры: «Біздің ұжым елбасының саясатын қолдайды. Алдағы уақытта елдің дамуына өз үлесімізді қоссақ дейміз. Қазақстанда орта жәна шағын бизнестің өркендеуін тілейміз.»
«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы да бұл шараға сақадай-сай. Мүшелікке өтетін азаматтардың билеттері де дайын. «Юг Ойл» компаниясының қызметкерлері болса, жауапты әрі есте қаларлық сәтті асыға күтіп тұр.
Батырхан Мұсаханов, фирма басқарушысы: «Нұр Отан» партиясының құрамына мүшелікке өттік. Бұл халықтың партиясы. Алдағы уақытта бізде партиямен бірге біраз жұмыстар атқарамыз деген ойдамыз».
Міне осылайша бір күнде көшбасшы партияның қатары 64 азаматпен толықты. Компанияның осынша қызметкері Нұр Отанға мүше болуға ниет білдірген.
Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалының төрағасы: «Партияның қатарына біз бәрін бірдей қабылдай бермейміз. Оған мүше адам еліне нағыз адал қызмет ететін болуы керек. Әрине елдің беделінің өсуіне елбасының ықпал мол».
Бүгінгі таңда қалалық Нұр Отан партиясының құрамында он сезіз мың мүшесі бар. Бұл дегеніңіз үлкен қоғамдық саяси күш. Алдағы уақытта Югойл комнаниясы да миллион тұрғыны бар шахардың дамуына сүбелі үлесін қоспақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WwEqObY5yCQ[/youtube]