Сайлау-2023: Партиялардың бюллетеньдердегі орны белгілі болды

203

Сенбі күні өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында парламент мәжілісі сайлауында партиялардың бюллетеньдердегі орнын анықтау үшін жеребе тарту рәсімі өтті.

Әр партияның өкілі өзінің реттік нөмірін таңдады. Жеребе қорытындысы бойынша партиялар мәжіліс депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньге келесі тәртіппен енгізіледі:
1. Amanat партиясы
2. «Ауыл» партиясы
3. Respublica партиясы
4. Қазақстан халық партиясы
5. «Байтақ»  партиясы
6. «Ақ жол» партиясы
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
Мәслихаттар депутаттарын сайлауда партиялардың бюллетеньдегі тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Бұл да әр өңірде жеке-жеке жеребе барысында анықталады.
Белгілі болғандай, Қазақстанда тіркелген жеті партияның барлығы да мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін ұсынған. 69 депутаттық мандатқа 281 кандидат (пропорционалдық жүйе бойынша сайланады). Партиялық тізімде 201 ер адам, 80 әйел адам бар.