«Жаңқаға жан бітірген» шебер Якия Әуелбековтың шығармашылығы жинақталған шағын кітапшасының тұсауы кесілді. Көне мәдениетімізді жаңғыртып жүрген Якия Әлімбекұлы өңірімізге «бейсе» тәсілін қолдану арқылы танымал.
Сан-алуан ағаштың қыры мен сырын ашып жүрген қолөнершінің туындылары халқымыздың мәдени мұрасын жалғастырып келе жатқаны өзгелерге үлгі, келер ұрпаққа мирас. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына осы уақытқа дейін сыйға тартылған туындылары туралы мұндай топтама жарық көреді деп ойламаса керек, ағаш ою шеберінің қуанышында шек болмады.
Якия Әуелбеков,шебер: «Мұражайдың ұжымына мың алғыс. Туындыларымның басым бөлігін сыйға тарттым. Дәл осындай каталог шығарады деп ойламаппын. Еңбектері жана берсін. Табыс тілеймін».
Якия Әлімбекұлы өз жұмыстарын жергілікті алма, алмұрт, жаңғақ, қарағаш сынды ағаштарынан жасайды. Облыстық мұражайда ұйымдастырылған көрмеге «Домбыра», «Киіз үй», «Әнші» және киелі жер тақырыбындағы жұмыстары қойылған.