Облыстық мұражайда саңлақ сазгерлердің көрмесі ұйымдастырылды

667

«Қазақтың саңлақ сазгерлері». Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осындай тақырыптағы көрме көпшілік назарына ұсынылып жатыр. Мәдени орынның төрінде сазгерлер Мұхамеджан Рүстемов, Сейдалы Тұрғынбаев, Жанғали Меймандосов және Мыңжасар Маңғытаевтың шығармашылығынан және өміржолынан сыр шертер жәдігерлер жайғасқан.

004Көрмеден бұдан бөлек Оңтүстіктің мәдениет майталмалдарының киімдері мен жазба ән дәптерлерін де кездестіруге болады. Құнды жәдігерлерді мұражай қызметкерлері 3 ай бойы іздеп, жинаған. Айта кетейік, көрме осы тамыз айының соңына дейін жалғасатын болады.