Бүгін ҰБТ тапсыруға келгендер бұрыңғыдай жауап парақтары бар кітапша немесе ұялы телефонмен емес, шоколадпен көзге түсті.Рұқсат берілген заттардан өзге, тәттісін арқалай келгендер комиссияның жұмысын күрделендіре түсті.
Турникеттен өтіп жатқан талапкерлердің қолындағы тәттіні алып қалды. Оның себебін комиссия мүшелері былай деп түсіндірді.
Сұлтан Каланов, комиссия өкілі:»Шоколад алып кірсін не тыйым салынсын деп жазылмаған ережеде. Бірақ, комиссияның шешімі бойынша тәтті жеуге тыйым салынды. Ол жауап парақтарын былғайды деп шештік».
Айта өтейік, ҰБТ тапсыратын оқушы алып кіруге болмайтын заттар: Шпаргалка, оқулықтар мен басқа да әдістемелік әдебиеттер, мобильді байланыс құралдары, калькулятор, фотоаппарат,плеер, ноутбук.
Сонымен қатар, емтихан кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесуіне, орын ауыстыруына, емтихан материалдарын басқамен ауыстыруына және көшіріп жазуына тыйым салынады.