Республикада ҰБТ-дағы мүмкін болған 125 балды шымкенттік талапкер алғашқы болып жинады. Ол Шымкент қаласындағы №8 мектеп гимназиясының түлегі Айда Исқақ. Айда тестілеудің үшінші күнінде, яғни екінші лекпен М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің қабырғасында тапсырған талапкердің бірі.
Алтын белгі иегері 125 сұраққа берілген үш жарым сағатты толық пайдаланған.
Айда Искак: «Біреулер тестке кіргенде көмектестім, шпаргалка пайдаландым деп айтып жатады ғой. Ал менің бар назарым алдымдағы 125 сұрақта болды. Көктен келген ешқандай сұрақ жоқ. Барлығы оқыған тақырыптар. Уақытымның соңына дейін отырдым. Әлі күнге дейін 125 балл жинағаныма сене алар емеспін. Ата-ана, бауырларыма, ұстаздарыма алғысым шексіз».
Айда Искактың таңдауы географияға түскен екен. Осы пәннен облыстық олимпиаданың да жеңімпазы. Өткен жылы Айда тіпті, «Флэкс» яғни, Қазақстан мен Америка оқушыларының алмасып оқыту бағдарламасы бойынша, 1 жыл Америкада білімін жетілдіріп келген. Отбасында үш қыздың ортаншысы. Әпкесі де мектепті үздік бітіріп, бүгінде Асфендияров атындағы Мемлекеттік медициналық универистетінде грантта оқиды. Ал Айданың өзі экономика-қаржы мамандығын игергісі келеді.
Бүгін Айда Искактың қуанышына ұстаздар қауымы да ортақтасты. Барлығының қуанышында шек жоқ. Барлығы бойжеткенді қаумалап, алғашқы 125 балл жинап, мектептің мәртебесін көтерген алтын ұя мектебінің мақтанышын сұрақ астына алып, құттықтап жатыр.
Айта өтейік, №8 мектеп-гимназиясында биыл 120 түлек бітірген. Оның 109 ұлттық тестілеуге қатсуға ниет білдірген. Мұнда биылдың өзінде 25 алтын белгіге үміткер болып, оның 15-і үмітті ақтаған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pzIIUdBjjMg[/youtube]