Б.Сағынтаев: «Оңтүстік — өндірісі дамыған өлке»

347
Жаңа әкімшілік ғимараттың жобасымен танысты

Оңтүстік өндірісі мықты аймақ. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда, қолдауда  белсенділік танытып, өзге облыстарға үлгі боларлықтай дамыған. Осылай деп тілшілерге сұқбат берген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Бизнестің жол картасы-2020»  аясында құрылған «Оңтүстік» индустриалды аймағын аралап көріп, жұмыс барысымен танысты.

 

Өңірлік даму министрі индутриалды аймақты аралап шықты
Өңірлік даму министрі индутриалды аймақты аралап шықты

Индустриалды аймақта 37,5 млрд теңге сома көлемінде 42 жаңа жобаларды іске асыру және 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Айта өтейік, өткен жылы индустриалды аймақтың кәсіпорындары шығарған өнімнің көлемі 10 млрд. теңгені құраған болатын.

Одан басқа, ағымдағы жылы Шымкентте жаңа индустриалды аймақтың ашылуы жоспарлануда. Техникалық-экономикалық негіздемесін  әзірлеуге қаржы бөлінді, жер учаскісін бөлу мәселесі де шешілуде.

Бақытжан Сағынтаев «Оңтүстік» индустриалды аймақ аумағында «HILL Corporation», «SPIRIT Қазақстан»,  және «Компания Юг Пласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері шығаратын өнімдермен танысты. Кәсіпкерлермен тілдесіп, мемлекеттік бағдарлама мен қолдаудың арқасында осындай жетістікке жетіп, өңірдің өндірісін дамытып отырғанын өз көзімен көрді. Өзі Көкшетаудан болса да, Оңтүстікте нәпақасын тауып, шаруасын шыр айналдырып отырған кәсіпкердің сөздері еліміздің өңірлік даму министріне қатты ұнады. Сондықтан да, өзге облыстар оңтүстіктен үлгі алсын деп басып айтты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Өңірлік даму министрі: «Халық арасында оңтүстік десе, мақта, ауылшаруашылығы, бақша өнімдерін елестетді. Алайда олай емес. Мойындауымыз керек, қазір оңтүстік өндірісі дамыған аймақ. Халық көп шоғырланғандықтан да кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтары да көп. Белсенді түрде жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындарын қарайтын болсақ, оның саны 800 мыңнан асады.  Соның 14 пайызы осы Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған.  Яғни, негізгі жұмыстың бәрі осы жерде деген сөз. Дегенмен де сол кәсіпкерлер Үкімет тарапынан беріліп жатқан көмектің бәрін алып отыр ма немесе дер кезінде жетіп отырма деген мәселеге келетін болсақ, кәсіпкерлерге жетіп отыр деп айтуға болады. Бұған қосымша облыстың әлі де республикадан беріліп отырған қаржыны алуға  мүмкіндігі мол».

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлерді көрді
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлерді көрді

Шымкентте болған бірінші вице-премьер «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Пәтерлерді аралап шығып, замануи үлгіде әрі сапалы салынғанына көз жеткізді.

Жаңа әкімшілік ғимараттың жобасымен танысты
Жаңа әкімшілік ғимараттың жобасымен танысты

Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылымдар, тұрғын үйлер, саябақтар және демалыс аумақтары нысандарын салу жоспарланып отырған қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы құрылысының жұмысымен танысты. Осылайша әлеуметтік салада жіті назарда екенін байқатып, мемлекеттік бағдарламаның барысын саралады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен де танысты
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен де танысты

Жұмыс сапарының соңында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты. Онда кәсіпкерлерге арналған құжаттарды рәсімдеу және рұқсат беру, жобаларды қаржыландыру және консалтингті оқыту қызметтерімен танысып, өңірдің атқарып отырған жұмысына оң бағасын берді. Кәсіпкерлермен арнайы кеңес өткізіп,  облыстағы бизнес қауымдастығын мазалап жүрген көкейкесті мәселелерді талқылады.

Бірінші вице-министр биыл Кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы әзірленетін болады деп ескертті. Сонымен қатар, рұқсаттардың бірыңғай тізімін белгілейтін заң әзірленетін болады, бұл ретте рұқсаттар берудің барлық рәсімдерін автоматтандыру жоспарланып жатқанынан да хабардар етті.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Өңірлік даму министрі: «Ең бастысы, кәсіпкерлікті қолдау өңірлік деңгейге ауысатын болады. Осы орайда біз «Іскер климат» рейтингіне енейін деп жатырмыз. Бұл бойынша өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту жағдайын бағалап, сонымен қатар, осы бағытта әкімдердің жұмысына баға беретін боламыз».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yAKdM2Qq42A[/youtube]