Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн. Арнайы акция аптаған ыстықта баланы жұмысқа жегудің алдын алуда. Жиналғандар бала құқығын таптатпаудың жолдарын қарастырып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Облыста баланы аяусыз жұсайтын аудандардың көшін Мақтарал бастап тұр.
Бала бақытты өмір сүруге, денсаулығын сақтауға, білім алуға, ойын ойнап, дем алуға құқылы.Ал Орталық Азияда балаларды көбінесе садақа сұрауға, ұрлық жасауға, мақта теруге, құрылыс жұмыстарына, сауда-саттыққа жұмсайды. Ал бұл өз кезегінде баланың құқын шектеп, денсаулығына зиянын тигізді. Әсіресе, жазғы демалысында ата-анасы аяусыз жұмсап, жұмысқа жегеді.
Әлия Биболова, ОҚО балалардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы: «Таң ертеңнен кешке дейін базарда картошка не памидор сатып тұру баланың еңбегін қанауға жатады. Өйткені 16 жасқа толмағае бала күніне 2,5 сағат қана жұмыс істеуі тиіс».
Осындай келеңсіздерді болдырмау мақсатында жиналғандар Мақтарал, Түркістан, Сайрам, Сарығаш аудандарында қатаң тексеру жұмыстарын жүргізуге бел байлап отыр. Бала ұлттың болашағы болғандықтан, дұрыс өсп, тқлға ретінде қалыптасуы маңызды. Оларды қорлау мен зорлаудан қорғау 12 күндік жұмыс емес әрине.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LGBm-VUxxpM[/youtube]