Балалар спартакиадасына тек осы ғасыр дертіне шалдыққан балалар қатысты. Қазіргі таңда науқас 230 бала бар.Оның 187-сі мектепте оқиды

Балалардың бәрі бірдей! Дәл осындай ұранмен «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық бірлестігі иммундық тапшылығы вирусымен ауыратын балалар үшін арнайы спартакиада өткізді. Бұл балалардың ойынын түсірі тобымыз да тамашалап қайтқан-ды.

Балалар спартакиадасы Шымкент қаласындағы "Буревестник" спорткешенінде өтті. Жарысты Облыстық білім, спорт және денсаулық басқармалары қолдады
Балалар спартакиадасы Шымкент қаласындағы «Буревестник» спорткешенінде өтті. Жарысты Облыстық білім, спорт және денсаулық басқармалары қолдады

Ақсұңқар, Балғын, Балдаурен. Үш топқа бөлінген мына балақайлар салауатты өмір салтын қалыптастыру әдісін мейлінше жақсы меңгеруге тырысады. Мұндағы 60 бала ағзаның иммундық тапшылығынан зардап шегеді. Салауаттылыққа баулыған дәрігерлер олар үшін арнайы сайыс та ұйымдастырыпты. 

Оңтүстікте бүгінге дейін 230 бала аталған дерттің құрығына іліккен. Олардың арасында 190 бала химия терапиясын қабылдайды. Олардың саулығын арттыру үшін барлық жағдай мемлекет тарапынан қарастырылған. Ал Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры қашан да сыйдан құр қалдырған емес.

Бақтияр Тілеуқабылов, Қауысбек Тұрысбеков қайырымдылық қорының вице-президенті: «1-маусым балаларды қорғау күнімен баршаңызды құттықтаймыз. Адам бір ақ рет өмір сүреді деп айтады. Ал балаларыңызбен бірнеше ғұмырды бастан өткеруге болады. Өйткені, онымен бірге, 1-сыныпқа барасың, сурет саласың, алғашқы махаббат сезіміне бөленесің. Бұл да бір бақыт. Сондықтан, баршаңызға бақты тілеймін!»

Баланың күлкісі бәрінен қымбат! Бұл шарада осы сөздің шынайылығына күмән келтірген ешкім болмады. Ең бастысы мұндай балаларды қоғамнан алшақ ұстамау керек. Осы түсінікті қалыптастыру шараның негізгі мақсаты болғаны анық.

Балалар спартакиадасына тек осы ғасыр дертіне шалдыққан балалар қатысты. Қазіргі таңда науқас 230 бала бар.Оның 187-сі мектепте оқиды
Балалар спартакиадасына тек осы ғасыр дертіне шалдыққан балалар қатысты. Қазіргі таңда облысымызда науқас 230 бала бар. Оның 187-сі мектепте оқиды
Бүгінгі жарысқа басты демеуші болған Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымыдлық қоры. Бұл олардың алғашқы шарасы емес. Әрдайым жетім, мұқтаж жандарға материалдық та, рухани тұрғыдан да көмектесіп тұрады
Бүгінгі жарысқа басты демеуші болған Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымыдлық қоры. Бұл олардың алғашқы шарасы емес. Әрдайым жетім, мұқтаж жандарға материалдық та, рухани тұрғыдан да көмектесіп тұрады

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YAJIUXhPedM[/youtube]